Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эстафетаны жалғастырыңыз

Эстафетаны жалғастырыңыз

Эстафетаны жалғастырыңыз

Бәріңе сәлем, менің сүйікті Массагеттіктерім! Қалдарыңыз қалай?

Осыдан 6-7 жыл бұрын Массагетте блог жүргізу хит еді, инстаграмның атын да естімегенбіз, фейсбукте «серьезный ағалар» отырады, ВК да сәл берігеректе шығып, аты өшіп бара жатыр, біздің – жастардың ортасы осы Массагет болатын. Біреу Эстафета бастайды, таяқшаны бір-біріне лақтырады, келесісі бірден қағып алып, жазбаны жалғастырып кетеді. Енді біреу эстафета таяқшасын маған кім қашан ұсынар екен деп тағатсыз күтіп жүреді, жай жүрмейді, басқалардың жазбасына пікірін қалдырып, лайктарын аямай қойып кетеді.

Бүгін сіздерге сол аяқсыз қалған эстафеталарды жалғауды ұсынайын деп отырмын. Әрі тақырып таба алмай, не жазамын деп жүргендерге көмек болсын, әрі өзімізге де қызық болсын, бір-біріміздің жазбамызды қалдырмай оқып, ерінбей пікір жаза отырайық. Массагеттік блогерлерді де жақынырақ тани түсуге осы бастама сеп болар деп ойлаймын.

Массагет сайтына блог жазу арқылы танымал болып, жұмысқа орналасқандар және де Массагет арқылы бірін-бірі танып, өмірлік дос тапқандар, тіпті үйленіп шаңырақ құрғандар қаншама?! Мүмкін, сіз де осындай бақытты жандар қатарынан табыларсыз? Қанеки, бәріміз белсенділік танытайық.

Массагетте жүргізілген алғашқы эстафеталардың бірі

«Қазақшасы қалай?» деп аталған екен. Көк жазудың үстін бассаңыз, сол жазбаға топ ете түсетініңізді менсіз де білетін боларсыз))). Бұл эстафетада орысша немесе біздің тілімізде түпнұсқасы бойынша қолданылып жүрген сөздерге өзіңіз қазақша атау беріп көруіңіз керек. Мысалы 

Қыпшақ қызы нигімен тіркелген блогер брелок – сәнтұмар деген аударма ұсынған екен, қандай әдемі!
Ал Жалғас Ертай есімді блогер ұялы телефон – қалтафон депті. 
Шахмұрат Айтбайұлы газет деген сөзді үнжария деп қазақшалаған екен. 

Ал сіз орыс тілінде қолданылып жүрген сөздерге қандай аударма ұсынар едіңіз немесе қай сөздің аудармасы сәтті шыққан деп есептейсіз? Эстафетаны жалғап жаза отырыңыз.

Келесі эстафета «Сыйлықтар».

Бұл эстафета шарты бойынша блогыңызда мына сұрақтарға жауап жазасыз:

1. Қандай сыйлық бергенді жек көресіз?
2. Ұмытылмайтын сыйлығым
3. Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?
4. Жалықтырған сыйлық?
5. Өзіңіз сыйлыққа қатысты сұрақты ойдан қоссаңыз болады.

Қызық қой, ә? Қане, жазып жіберейік.

Ай-керімАмантай Қажы, Жанар Абдимоминова, Ақылды Игіт Аслан, Мерейка атты блогерлердің осы эстафетаға қатысты жазбаларын оқып көріңіз.

«Жауабы жоқ сұрақтар»

Шарты: алдыңғы блогер қойған жауабы жоқ сұрақтарға өз ойыңызбен жауап беріп көресіз де, эстафета таяқшасын ұсынатын келесі адамға өзіңіздің жауабы жоқ сұрақтарыңызды қоясыз. 

Мен сіздерге алдыңғы блогерлердің жауапсыз сұрақтарын тізіп берейін, 

1. Адамдар не үшін отбасын құруы керек? (сұрақ авторы Болат Бек)
2. Адамдардың барлығы неге мейірімді емес? (Анара Мұстафина)
3. Жастарды жалықтырмайтын, қажетті, қазіргі кезде ең қызық тақырыптар қандай? (Назерке Нысанбаева)
4. Неге адамның сыртқы түрі, киімі бірінші рөл ойнайды? (Мейіргүл Оңғарова)
5. Адам ыстық тамақ ішкен соң ұйқысы келеді. Неге? (Сәкен Алаш)
6. Қазақтан басқа, қай ұлт болып тууды қалар едің? (Дінмұхамед Зиядин)

Сіз осы сұрақтарға жауап беріп бастап, келесі блогерге өз сұрағыңызды қоя беріңіз.

«Өмір өзі өтірікке үйретеді»

Бұл эстафетада 
1. Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұсы бар ма?
2. Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған оқиға басыңыздан өтті ме?
3. Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?

Осы сұрақтар бойынша жауап жазасыз. Қызықты болса мына кісілердің жазған жауабын оқып көріңіз: Болат Бек, Салтанат Бегісбек, Алмас Дүйсенбиев.

«Жұмбақ блогер» эстафетасын Кәусар Мұң атты блогер бастап, шартын былай таныстырды:

Қазір мен өзім танитын бір блогерді суреттеп жазатын боламын. Есімін айтпаймын. Оның өзіне тән қасиеттерін, өзіне  тән ерекшеліктерін, жалпы ол туралы білетіндерімді баяндаймын. Ал сіздер мен суреттеген блогердің кім екендігін табатын боласыздар. Кім алғашқы болып және дұрыс табады, сол блогер эстафета таяқшасына ие болады да, келесі жұмбақ бейнені жасыратын болады. Қосымша көмек сұрауға қақыларыңыз бар! 

Өзім жұмбақ жауабын тауып, осы эстафетаға екі рет қатысқанмын
Сіздерге көмек ретінде басқалар қандай жұмбақ жасырғанына сілтеме берейін: Жанат Жұмағали, Мақпал Ералы, Кәусар Мұң, Светлана Кужакулова, Мақпал Сембай, Есіл еркесіНұршат ӘлімқызыАйнұр ЖәлиеваСара Сейітжанқызы

Тура қазіргі уақытқа сәйкес келетін ендігі эстафета «Менің жазғы демалысым». Бұлай дейтін себебім сабақ басталғанда барлығымыз осы тақырыпқа шығарма жазушы едік қой. Ал бұл эстафетаны бастаған Айкона шартын былай түсіндіреді

1. Сіз жазды қайда, қалай өткіздіңіз? барған жерлеріңізді міндетті түрде суретпен көмкерулеріңізді сұраймын, сонда пост қызықты болады. Бұл пункте міндетті түрде шетелге ғана барғаныңыз емес, ауылға, тауға, көлге жәй достарыңызбен қыдырғандарыңыз, от жағып отырған сәттеріңіз де болады. 
2. Барған жерлеріңізді сервисі ұнады ма? Бұл енді, келешекте сол жаққа барғысы келгендерге қысқаша нұсқаулық болар еді. 
3. Демалыс кезінде қандай қызықты жаңалықтар аштыңыз өзіңізге? Жүзуді, велик тебуді үйренсеңіз жаза кетіңіз. Қандай қызықты ойындар, опшым сіз үшін ерекшелікті жаза кетіңіз.  Әрі қарай өз қиялдарыңызға ерік беріңіздер! Бастысы осы сұрақтарға жауап жазып қана қоймай әдемі, позитивті суреттеріңізбен бөлісе отырыңыздар. 

Жанат Жұмағали бастаған тағы бір эстафета «Жұмбақтар шеруі» деп аталады. Эстафета сұрақтары:
1.Өзіңіз сүйіп оқыған романнан үзінді келтіріп, роман аты мен авторын жасырасыз.
2. Қазақтың дәстүрлі  бір әнінен үзінді келтіріп, әннің атын, орындаушысын жасырасыз
3. «Қазақфильмнің» киносынан бір кадр қойып, кино  атын жасырасыз

Ал Анара Мұстафина бастаған мына эстафетаға көпшілігіңіз қатысып үлгерген де шығарсыздар. Қатыспағандарыңыз болса, бұл тақырыпты ешқайсысыңыз аттап өтпеуіңіз керек деп ойлаймын. Себебі бұл – «Мен қалай блогқа келдім?» Анараның жазбасын оқып шықсаңыздар түсінікті болады.

Кәусар Мұң бастаған эстафета тақырыбы «Менің бірінші курстағы махаббатым». Не туралы жазатыныңызды бірден түсіндіңіз..)) Сіз әлі бұл шаққа жетпеген болсаңыз, кез келген жастағы бала махаббатыңызды баяндай беріңіз, мархаббат!

«Ауылым бар осындай» деген тақырыпта да эстафета өткен. Не жазатыныңыз түсінікті, суреттерімен, видеоларымен таныстырсаңыз тіпті керемет.

Сара Сейітжанқызы бастаған «Менің фотоаппаратым» эстафетасы бойынша тек фотоаппарат қана емес, телефоныңыздағы болса да кез келген суреттер жиынтығын жариялауыңыз керек және сол суреттердің қысқаша тарихы, не үшін сол суретпен бөліскіңіз келген себебін түсіндіре кетесіз. Екі күн бұрын Томирис Есқали жазған "Ұялы телефонымдағы ең "жылы" суреттер" блогы осы эстафетаның жалғасы іспеттес. 

Архивті ақтара берсең, Массагеттің "басынан өткен" эстафеталарда есеп жоқ екен. Қажет десеңіздер, алдағы уақытта тағы да эстафеталар шеруін ұсынуды жалғастырамын. Әзірге, сізге қай эстафета ең қызықты көрінді? Ал, бастаңыз!

Егер әлі тіркелмеген болсаңыз не бірде бір блог жазып көрмеген болсаңыз, жеке хабарлама жіберіңіз, өзім көмектесемін..))

2
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 05 қыркүйек, 02:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.