Ұялы телефонымдағы ең “жылы” суреттер

Ұялы телефонымдағы ең “жылы” суреттер
жеке
блог

Суреттердің жыл өткен сайын құндылығы түсіп барады. Кез келген нәрсені суретке түсіретініміз аздай, ұялы телефонның жадын селфимен толтыратынымыз жасырын емес. Ұялы телефонымды артық суреттерден тазартып отырып, арасында қараған сайын тәтті естеліктер еске оралатын суреттер барын ұқтым. Бүгін сіздерге естелікті серік еткен ең "жылы" суреттер тізімін ұсынамын.

Мен мектепті өте жақсы көретінмін. Өйткені, бұл жерде ешқашан жалғыздықты сезінбейтінмін. Достарым көп, ұстаздарым жақыным болатын. Бұл — соңғы қоңыраудан кейінгі сурет.

Бұл суретті өткен жылы жүктеп алыппын. Бүгін білім алып жатқан университеттегі олимпиада уақыты.

Бұл өткен жылдың көктемінде, нақтырақ айтсақ сәуірдің 22-сі түсірілді. Суреттегі Супермен рөліндегі Ернар аға. Бұл күні массагет ұжымы марафонға қатысқан.

Биылғы жазға қарағанда, өткен жылдың жазы мен үшін тым керемет өтті. Бұл суретте Юлия есімді құрбым екеуміз жағажайдағы дүкендердің бірінен өзімізге көзілдірік таңдап тұрмыз. Бірақ, көзілдірік орнына мен балмұздақ, ол өзіне үй кесірткесін алды.

Әркімнің суреттерді бұзатын, ылғи кедергі келтіретін бір досы бар.

Атам, әжем, апам және сіңілім. Отбасылық суреттер менде жоқтың қасы. Өте аз. Өйткені, үйге жиі бара бермеймін. Сондықтан, отбасылық суреттерді сақтауға тырысамын.

Досым — Анара. Бұрындары "адамда дос болмайды" деген пікірмен өмір сүретінмін. Анара бұл пікірімнің дұрыс еместігін ұқтырған адам. Сағаттап сөйлесе алатын жалғыз деп еш қорықпастан айта аламын. 

Бұл суретті мен өзімнің "шедеврім" деп атаймын. Екі жыл бұрын жасалған суреттегі түтін арасында билеп жүрген достарым. 

Мен хаттарды жақсы көремін. Ал, бұл хатты маған досым Такер жазған еді. Әлеуметтік желімен сөйлескенімізбен, бұл хаттың орны бөлек. 

“Ақымақ жегенін айтады” дейді ғой негізі. Бірақ, бұл сурет мен үшін жаңа жылдың белгісі. Осы күні құрбыларымызбен жиналып, бір бірімізге сыйлық беріп, тілектер айтып тарқасқанбыз. 

Маған биылғы қыс қатты ұнады. Қар көп жауды ғой…

Өмірдегі ең жек көретін жерім — аурухана. 

Міне, суреттер топтамасы осындай. Бір қызығы менде селфиге қарағанда, экран суреттері “скриндер” көп. Соған қарағанда, мен біртүрлі адам сияқтымын, иә?