жеке
блог

Эстафета: "Менің бірінші курстағы махаббатым"

Студент деген ұғым, "студенттік шақ" деген ӨМІР кітабының қызықты беттері ешкімге де жат емес. Біріңіз студент болдыңыздар, біріңіз қазір де студентсіздер, ал келесіңіз студент болуды армандап жүрсіздер. Алдымызда сол студент деген қауымның дүбірлі мерекесі келе жатыр екен. Мереке қарсаңында «Менің бірінші курстағы махаббатым» тақырыбында эстафета бастағанды жөн көрдім. Балмұздақ кезіңіздегі тәтті сезімдеріңізді бізбен бірге бөлісесіздер деген сенімдемін!



Балмұздақ кездегі махаббат па?))) Ғашықтық!? Оооой, балмұздақ болып жүрген сәттерімдегі балдай тәтті сезімдерімнің бәрін бір жазбаға сыйдыру мүмкін емес! Ээээх, мына сол жақта соғып тұрған патша жүрек жаңа қалаға, жаңа ортаға келгелі кімге ғашық болмады десеіңізші!!! 45-тің кондукторына да, платеж жасайтын жігітке де, жеміс сататын ағайға да, дүкендегі сатушығада, аула тазалаушыға да, барахолкадағы белдік сатушы ағаға да дүрсілдеп соқты ғой))) Бәрін айт та , бірін айт, университетте сабақ беретін ағайға деген сезімім тым ерекше еді... Еді? Жоқ, ол сезім әлі бар... Бірақ, жауапсыз сезім((( Қалай десем екен, махаббат, ғашықтық дегенге келмейтін секілді. Ол кісіні көріп-білгеніме үшінші жыл болып жатыр. (2010 жылдың 1-ші қыркүйегінде көргенмін) Бірақ, сол бір түсініксіз сезім өршімесе сөнген емес.

Түсіме жиі кіріп тұрады... Оның қандай екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сонда ол қандай дейсіз бе? Оны көру керек. Уағыз адам! Ол сөйлемесе де, оның жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы уағыз сияқты... Ағайдың сабағы болатын күн – мен үшін үлкен бір мереке секілді. Оның сабағы болатын күн – меніңі ең сүйікті күнім. Оның сабағы – ең сүйікті сабағым. Оның сабағы болатын күні меннен жақсы дайындалып, меннен жақсы киініп, меннен жақсы боянып баратын студент жоқ. Сосын тағы, оны қатты қызғанамын! Менен өзге студентке назарын аударып, басқаға күлгенін көрсем көңіл-күйім түсіп сала береді. Өзімнен-өзім ашуланып, кеде қайтып кете салатыным бар.

Ақымақ қызыбын ғой, ағайдың отбасы туралы бәрін сұрастырып біліп алдым. Әйелі, екі баласы бар екен. Бірақ, ағайды театрдан ылғи жалғыз көремін. Театрға деген құлшынысым да ағайдың арқасында пайда болды. Сол кісіні көріп қаламынба деп көп барып жүріп, театрды жақсы көріп кеттім. Ағайдың ұнататын кітаптарын оқып алдым. Бірінші курста ағайлардың кафедрасын оны бір көріп қалу үшін күн сайын бір сылтаумен бара беретін едім... Ал қазір аптасына 1-2 рет қана көріп тұрамын...  

Бұл сезімімнен түк шықпайтынын жақсы білсем де, өзіме тежеу қоя алар емеспін. Мүмкін, бұл махаббат емес шығар ә? Жәй ғана, ағайды сыйлайтындығымнан, оны үлгі тұтатындығымнан ерекше көңіл бөлетін болармын?... Санамда осындай да ойлар бар... Қалай болғанда да, ағайға ұқсас Төлегенімді іздеп жүрмін! Жігіттердің бәрін сонымен салыстыру әдетіме де айналып кетті. Бір қорқатыным, ол секілді адам жалғыз болса ше?...

Таяқшаны Ардақ Құлтайға беремін!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі