Аттан!!! Аттан!!! Эстафета Сыйлық!!!

Аттан!!! Аттан!!! Эстафета Сыйлық!!!
жеке
блог

Ассалаумағалейкум   массагеттік  достар және қыздар!!! Мен атақты Амантай аталарың боламын. Осы  Эстафета таяғын Айкерім деген сұлу қыздан алып отырмын! Маған эстафета береді деген ой, үш ұйықтасам түсіме кірмепті.

Сендерді күттіріп қойғаныма кешірім сұраймын! Ренжімеңіздер! Себебі форумдағы «стоп кадр» ойнының шартын бұзғаным үшін, Беделбеков Асылбек деген самұрайдың шағымынан кейін, коммент жазу құқығынан айрылған едім! Бірақ қазір ҚЫЗДАР үшін ғана, жігіт өз сөзінде тұруы керек деген ниетпен, Айкерім қызымның аманатын жерге тастамайын деп, қайтып келіп отырмын.

1)   «Сіздің есіңізде қалған кәдесыйлар»- Ең біріншісі әрине сол жас Тоқалдар ғой! Тоқалдардан асқан артық сыйлық менде болған емес! Және тағы  есте қалған сыйлығым ол: соңғы жас тоқалға үйленгеннен кейінгі сыйлаған сыйлығы- ғаламторға шығатын ноутбук болатын. Шіркін! Неткен әдемі де сүйкімді перизат тоқал десеңші? Оны қатты сүйем. Бұл техниканы да сол сүйікті тоқалым үйреткен. Шұқылай берсең, болды екен ғой, қатлесіп-қателесіп үйреніп кетеді екенсің! Ал қалғандары майда-шүйде сыйлықтар ғой:

 

2)   «Ұмытылмайтын сыйлығым»- ол ата-бабамнан келе жатқан қасиетті таяғым. Бұл аса таяқ менен кейін де, мұра болып қала береді. Екіншісі жас тоқалдырым берген керемет күміс жүзіктер, шапандар (шкафқа сыймай жатыр), тақиялар, шарфтар, тасбихтар, мәсілер туф айта берсе таусылмайтын секіліді

 

3)   «Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз»- бұрын кез келген сыйлықты ұнатып, ала беретінмін, бірақ қазір неге екенін білмеймін (жасымның келіп қалғанынан шығар?) тоқалдан басқа барлық  сыйлықтардан бас тартар едім! Маған тек тоқал сыйлайтын адам ғана - сыйлы адам бүгінгі таңда!.

 

4)   «Жалықтырған кәдесый дейді»- айттым ғой қазіргі кезде тоқалдардан басқасының бәрі!

5)   «Өзімді жәйсіз сезінетін кездер»- Жас тоқалдармен бірінші болатын күн және түн!

 

P.S.: Шын жүректен тоқал сыйлаған осы массагет сайты ма деп те қаламын! Айкерім өте сұлу қыз екен! Жасыратыны жоқ сен маған қатты ұнап қалдың!

amanta

Ақ боз атты сері жігіт мен боламын! Мені қабыл алсаң Ақ тұлпарыммен алдыңа әлі-ақ келіп жететін боламын! Жауабыңды күтемін ЖАНЫМ!!!

avto

 

Ой ой ой!!! Эстафетаны ұмытпай тұрғанда сол маған шағым түсірген: Беделбеков Асылбек деген балаға берейін! Қабыл ал жүгермек!!! Екінші маған шағым түсіріп жүрме, көрмейсіңбе қыздар әбден мені сағынып қалыпты!!!???