Жарнама
Арнайы жобалар
100 ИГІ ІС:
ГАЗДАНДЫРУ
100 жылдық мерейтойында Halyk "100 игі іс" акциясын іске қосты: еліміздің барлық өңірлері бойынша банк мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, білім беру салаларында жергілікті және ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Олардың барлығы миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Акция "100 жыл халықпен бірге" ұранымен өтуде.Бұл банктің әрқашан өз еліне және халқына пайдалы болу миссиясын паш етеді.

/
ЖОБА ТУРАЛЫ
"100 игі іс" акциясы аясында Halyk Bank өз қаражаты есебінен Астана мен Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын адамдардың үйлерін газдандыруды жалғастырады. Газды тегін өткізетіндердің тізімін аудан әкімдіктері ұсынады. Газдандыру бюджеті алдын ала 230 миллион теңгеге бағаланады. Банк газды тұрғын үйге жеткізуден бастап барлық қажетті газ коммуникацияларын қосуға және жабдықты орнатуға дейінгі барлық кезеңдерді толығымен қаржыландырады. Бұған дейін осы әлеуметтік жобаның арқасында банк жүз алматылықтың үйіне жылулық пен жайлылық сыйлады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАРИХЫ
Қазақстандық отбасылар көгілдір отынды қосқан соң олардың өмірі қаншалықты өзгергені туралы әңгімелейді.
100 ИГІ ІС: ГАЗДАНДЫРУ
"Көмір бітіп қалмаса екен дейтін едік"

Газды 35 жыл күткен отбасының әңгімесі
САРАПТАМА
Сарапшылар газдандырудың артықшылықтары мен қиындықтары, оның ауаға және біздің денсаулығымызға әсері туралы әңгімелейді, газды үйге қалай кіргізу керектігі және оның құны туралы кеңестермен бөліседі.
ЖОБАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ
1
2023 жылғы ақпан
Halyk басшылығы "ХӘОТ газдандыру" жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады
2
2023 жылғы наурыз-сәуір
Қалалық әкімдіктермен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын пысықтау
3
2023 жылғы мамыр
Алматы және Астана әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
4
2023 жылғы маусым-шілде
Аудандық әкімдіктердің ХӘОТ тізімдерін қалыптастыру
1
2023 жылғы шілде
Шартқа қол қою және Алматы бойынша жұмыстарды бастау
2
2023 жылдың тамызы
Шартқа қол қою және Астана бойынша жұмыстарды бастау.
3
Жалғасы бар