МӘССАҒАН БҰНДАЙДА БОЛАДЫ ЕКЕН-АУ Сыйлық Эстафета)))

МӘССАҒАН БҰНДАЙДА БОЛАДЫ ЕКЕН-АУ Сыйлық  Эстафета)))
жеке
блог

                             

 

 

   Салем,Массагеттік достар...Ай-керім боламын(әдемілеп Меруерт сияқты танысайын деп едім болмады)))

    Бұйырған кетпес,-дейді ғой бұйырып тұрғаны болар осы эстафетаның.Мойныма Орынкүлден аманат болып кетпесін деп ақтарайын сырымды...

"Сіздің есіңізде қалған кәдесыйлар"-Есімізде біразы қалды ғой:машина да, түрлі көйлек те,жақұттар да (дееееп қоя ма) болды ғой десем..

        1)Ұмытылмайтын сыйлығым-ол әрине анамның маған өмір сыйлағаны деп білемін..Аллах калауымен, келесі кезекте анамның қалауымен дүниеге баспен емес аяқпен келіппін)...

         2)Екіншісі әжемнің маған (үстіндегі суретте) тоқып берген жеңі жоқ жемпірі.Әжем сол жемпірді мені жиі коріп тұруы үшін тоқығанын қазір ғана түсінгендеймін(Сол жемпір тоқылып біткенше күнара хабарласып:-Балапан,келіп кетші.Тура ма,дұрыс па екен,-дейтін.Мен иа апа,сосын,сабақпен уақытым жоқ деген сылтаулар ма айтеуір бір нәрсе дайын тұратын..Ойымда сол 8-наурызда ма оған үлгермесем туған күніне29 -наурыз бір әтірімді (әтірлерді қатты жақсы көретін,70ке келсе де кербез кемпір дейтін барлығы) сыйға тартсам деп едім.БОЛМАДЫ(((Бақилық боп кетті..Қатты барғым келді,үлгермедіммм.Енді сол жемпірдің қызығын қысы-жазы көріп келемін))

"Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз"-депті))Сыйлаған аттың тісіне қарамайды деген мақалды ұстанам және басқа адамдар да ұстанса екен деймін)))Кішкентай "бірақ бар" күміс браслеттерді ұната алмай-ақ қойдым)))

"Жалықтырған кәдесый дейді ғой"-)))Ондайларда бааар))Сөзбен аспандағы айды алып бергіштерден жалығыып кеттім)) "Өзімді жайсыз сезінетін кездер"-ол менің көңілім үшін, өзінде жоқ болса да,тапқан табысынан бөліп-жарып шын жүректен сыйлаған сыйлар..Сол сыйларға ештеме теңдесе алмай ма деп те ойлаймын))

P.S.:Шын жүректен сыйлаған сыйға не жетсін.Өзімде алғанға қарағанда берген ұнайды..Мейрамдарыңызбен арулар....;)Өмірлеріңіз сыйға толы болсын)))аааа айтпақшы эстафетаны Қажы қабыл алыңыз)))