Эстафета! Тілдің өзінен бастау керек

Эстафета! Тілдің өзінен бастау керек
жеке
блог

Тілдің философиясына қатысты

Тіл - организм, өзінің даму жолдары мен сатысы, белгілі кезеңдері болады. Алғашында, ойдан тіл пайда болған, яки ойлаған ойды тілдік шеңберге сыйдыруға тырысатын еді. Бірінші айтылмақ ой санада айқындалып, кейіннен оны тілдің мүмкіндіктеріне бейімдеу жүретін. Қазір - керісінше. 

Егер тілдік мүмкіндіктер мен сол тілде жинақталған білім қоры толықтай дерлік меңгерілсе, ойға артық салмақ салмастан, жинақталған білім қорының негізінде ойдың компиляциясын (әркелкі ойларды құрастыру арқылы) жасап, ақылды болып көрінуге барлық жағдай жасалған. Яғни, барлық айтуға болатын нәрсе - бізге дейін айтылып қойылған. Қазіргі ұрпақ - тек қайталаушы, орнын ауыстырып, махинация мен компиляция жасаушы ғана. 

Тілдің санадағы рөлін анықтап алған соң, жекеге көшуге болады. Яғни, қазақ тілінің бүгінгі күйі. Менің ойымша, қазақ тілін тұтынушылар алғашқы сатыдан өтіп кеткеніне біраз уақыт болғанымен, тіл ол сатыға әлі ауысып үлгермеген сияқты көрінеді. Яки, қазақ тілінің теориясы мен негіздерінде әлі толыққанды білім қоры мен жеткілікті тәжірибесі жоқ себепті, алғашқы сатыда қалып қойған. Ал қазақ тілін тұтынатын ортаң қол пайдаланушылар орыс тілінің көмегімен өз тілінің деңгейінен кішкене асып кеткен және артқа қарап, қазақ тіліне көмектескісі келетін ойы жоқ сияқты болып көрінеді. Қарапайым тілмен - осы! 

Роден

Енді, эстафетаның бастапқы талаптарын орындауға көшейін, талап жет тастамай тұрғандарыңда. 

Қазақ тілінің негіздеріне қатысты

Менің ойымша өзгерістерді қазақ тілінің өзінен бастау керек. Яғни, тілді реформалап, ондағы қажетсіз әріптер мен соларға қатысты құрастырылған қажетсіз ережелерден арылу. Ол әріптер: - щ, - ч, -ь, -ъ, -э, -й, -ю, -я, -ц   

Осы әріптер мен осы әріптердің қазақ тілінде жазылуы мен оларға жалғау/жұрнақтардың қосылуы туралы ережелердің санын оқып жатудың еш реті жоқ. Оның үстіне, бұл әріптер қазақ тілінің фонетикасына да, үндестік заңына да бүк келеді. Бұл - бір! 

Оның үстіне, қазақ тіліндегі әр сөздің жеке дара көтеретін мағыналық салмағы жоқ, не әлі анықталып бітпеген. Айтпағым, қазақ тілінде сөйлеуші бір не бірнеше сөзді бір не бірнеше мағынада және әркелкі жағдайда қатар қолдана береді. Ауыз екі сөйлеу процесінде бұл байқалмайтын құбылыс сияқты елестегенімен, жазуға, әдебиетке, концелярлық құжаттарға түскенде оның бір ғана атауы бар - далбаса! Бәрі далбасаға, ешкім түсінбейтін және түсіне де алмайтын далбасаға айналады. Олы туралы мына жақтағы жазбада жазылған. Бұл - екі! 

Кірме сөздерге және шетелдік ұғымдар мен терминдерді қазақшаға жаппай аударуға қатысты

Қазақ тілі өзінің даму барысында, араб тілінен, парсы тілінен (көбіне, көршілес, өзбек-тәжік халықтарының ықпалынан) әркелкі сөздерді кіргізіп отырғанымен қоймай, оларды үндестік заңының талабына сай деформациялап отырған. Бір ғана мысал, "ақиқат". Содан кейін, тарихта беттелгендей, қазақ тіліне орыс және татар тілдері арқылы сөздер кіре бастады. Мысалы, "кереует", "самаурын", "лашық" және т.б. 

Яғни, осыдан жүз жыл ғана бұрын қазақ тілі өз халқының сұраныстарына толық жауап берген және екеуі деңгейлес болған. Бірін-бірі толықтырып, кірген сөздерді грамматика мен фонетика талап еткендей, деформацияға ұшыратып, төл сөзге айналдырып отырған. Қазір бұл процес өзгеріске ұшырады. Себебі жоғарыда жазылды. 

Қазіргі қазақ тіліне кіріп, еніп, аударылып жатқан сан алуан түсініктер мен ұғымдар, халықаралық терминдер, қолданыстағы сөз тіркестері - бәрі, орыс тіліндегі калькасымен сақталып, жазылады. Қазақ тіліне қажетті сөздерді аудару керек, ол үздіксіз жүретін процесс. Ал қоғам ол аудармаларды қабылдайды ма, жоқ па - өзі шешуі тиіс. 

Қорытынды

Қазақ тілінің ортақ ережелері мен грамматикасын сақтауға тырысу керек. Сол деңгейде қатып қалмай, қоғам қабылдап үлгерген кейбір артықшылықтарды да ескеруге болады. Кірген сөздерді калькаламай қазақы менталитеттің талқысынан өткізіп, қабылдауға лайық болса, қалсын. 

Сенек - подъезд 

Перне - клавиша

Сілтеме - гиперссылка

Батырма - кнопка

Есіме түскен, өзіме ұнайтын аудармалар осылар ғана сияқты. Қабылдауға болмайтын аудармалар: 

Ұялы телефон - қалтафон, қалта телефон 

Бұрқақ - фонтан 

Ойыма келгендері осы болды, уақақа :)

Келесі сөз, таяғымен қоса, Айқаракөзде. Ал, таныт, шешесін де, әкесін де.