Кезексөз. Жұмбақ блогер

Кезексөз. Жұмбақ блогер
жеке
блог

Ол әке емес, ана емес, бала  да емес,

Ұшқыш, ұстаз, сиқыршы, молда да емес.

Бірде жазып жазбалар, пайда болар,

Бірде жоқ боп кететін кейде елес.


Массагетке менен бұрын келіпті,

Тоғыз блок жақсы сөздер теріпті.

Бір блогы үздік атқа лайық боп,

Кезексөздің бірінде Ол жеңіпті.


Кездейсоқ, әлде таныс, әлде тамыр,

Енді бірі жазбасынан, сірә, таныр.

Бір қарап шыққанымда парақшасын,

25 дос көрдім мен жандары бір.


Өмірде де «тірідей» көрдім оны,

Жасы кіші болғанмен, үлкен жолы.

Біз сенген жан сол болса, болашақта,

Талай істі бітірер ойы, қолы...


Ол ақылды, сөзінен анық, мәлім,

Білуге ұмтылады бәрін-бәрін.

Сірә, да, Массагеттен ол бүгінде,

Алып жатыр тиісті, керек тәлім.


Қай қырынан сипаттап жазсам да мен,

Таба алмайсың, білемін, құрбым, дос, сен.

Оған тән нақты бір сөз айтсам егер,

«Е, сол жан ба,»-деп бірден-ақ табатын ең.


Осы маңнан кілтті сөзді ізде өзің,

Дегенмен сырын ашпас ешбір сөзім.

Мұқият болсаң, бірден табатын ең,

Әй, бірақ та керек қой оған төзім.


Қазаққа мәлім аты оның, білгін,

Әрбір айтқан сөздерін санаға ілгін.

Дәл қазір танымал жан болмаса да,

Қазақтың шамын ұстар ол да бір күн.


Архивтерді, қанеки, ақтарыңдар,

Оны бәлкім түкпірге сақтадыңдар.

Еске түсір, бірің оны сынға алсаң,

Енді бірің «мәләдес» деп мақтадыңдар.


Бүгінде ол ешкімге емес бөтен,

Алғашқы блогында жазған екен,

Алматыдан алыстау екен бірақ,

Массагетпен оны таныс қылған мекен.


Бір орыстың жайын айтып, жазыпты,

Газеттердің саудасын да «қазыпты».

Дәл осылай аға берсе ағысы,

Онда мықтап қақты делік қазықты.


«Жетпей қалған иесіне сезімді»,

Оқыған жан жүрегімен сезінді.

Мектеп жайлы жазба жазып бір күні,

Сағындырды балалық шақ кезіңді.


Басқалардың жазбасын жай оқымас,

Жақсы пікір қалдырмай және отырмас.

Бойы ұзын, ойы да ұзын оның,

Шашы қысқа, емес бірақ ол тақыр бас.


Тым қиынға соқса жұмбақ егер, достым,

Тағы да бір жеңілдік онда қостым.

Массагетпен оны алғаш таныстырған,

Массагеттік мен қатарлас екен досым.


Ал, қанеки, миды іске қосалық,

Папкаларды ақтарайық тола лық.

Сабырменен, шемішкені серік қып,

Дұрыс жауап кімнен болар, тосалық...))

(Ұйқасым онша емес, асығыс жазылған. Болады, иә?)