Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эстафета - сауалдар by qisyq

Эстафета - сауалдар by qisyq

Эстафета - сауалдар by qisyq

Сәкен Нұрқабекұлының сілтеп кеп жіберген сауалдарына сызып берген жауаптарым.Негізі бар ғой, жерлесімнің қойған сұрақтарына қарап отырып, өзімнің өзге адам тарапынан ұлт мінезі туралы пікір білдіре алатын һәм қарапайым арифметикалық амалдарды да қатар орындап жіберуге дайын адам ретінде қабылданатынымды түсіндім:) Сұрақтарға рахмет, Сәкен:)

1) Біз қазақты ұлы халық деп атаймыз. Ой, несін айтасың, бірлігі жарасқан, базары тарқамаған ұйымшыл халық болған дейміз. Бөскен кезде біраз жерге барасың ғой. Бірақ сталиндік қырғында көршісін, туысын, досын сатқын деп ұстап берген, болмағанды болды деп жазып куәлік берген өзіміздің қазақ қой.  Жоғарыдан келген тапсырманы он есе артығымен орындап, бір адамның орнына он адамды шпион деп ұстап берген өзіміз. Мұндай мысалды әлемнің басқа ешбір халқынан кездестіре алмайсыз. Неге?

"Мұндай мысалды әлемнің басқа ешбір халқынан кездестіре алмайсыз" деген артықтау сияқты. Себебі, қарапайым адами тірі қалу инстинкті ұлтқа, дінге ділге қарамайды деп ойлаймын. Тіс жарып туғанын сатпай Сібірге тал құлатуға кеткендер мен жылаған бала атын естісе уанатын (ия, ия, ол кездің балалары да құбыжықтан емес, қызыл жағалыдан қорқатын саяси сауатты болған деседі) қызылкөз сатқындар қай-қай ұлттың да ішінде бар. Тарихи және саяси-әлеуметтік, қайбір кездерде экономикалық құбылыстарға байланысты қоғамның осы қасиеттерінің (адалдық пен сатқындық) анық байқалуы мен көмескі тартуы кезектесіп отырады. Әйтеуір, ешқайда кетпейді.

Біз көзімізді жырып ашқаннан қазақ тарихын оқып, содан басқаға мойын бұра қоймағаннан ба, әйтеуір адамзат атаулының жақсылы-жаманды сипаттарын өз ұлтымызға таңып аламыз. Әйтпесе, байқастап білген адам әлгі сатқындардың орыстан да, өзбектен де, өзгеден де шыққанын көретініне сенімдімін. Сондықтан, бұл тек қазаққа тән (бұл ғана емес, жалпы алашқа телініп жүрген көп мінездің) деп айтылған пікірмен келіспеймін.

Ал "Неге?" деген сұраққа жауабым: "Бизнес, басқа ештеңе емес", мен сатпасам, мені сатып кетеді, қатын-бала бар, ертеңгі күн бар, елдің есінде қалмайды" деген тірі қалу жолындағы тырбаң тіршілік, я сол сатып қолына ұстатқан жүйенің мәңгілік тұрарына имандай сенетін көзсіз фанатизм, не табиғатынан "дарыған тума" сатқындық.

2) Елбасының сөйлеген сөздеріне қарасаң, ауызекі тұжырымдарына қарасаң мәселені сол кісіден артық түсінетін адам жоқ секілді көрініп кетеді. Бірақ де факто бәрі керіcінше болып жатыр. Неге?

Айтылған сөз, қағаз бетіне түскен сөйлем - мұның бәрі әдемі көрінеді. Орынды көрінеді. Тек солардың жер-жерде орындалуы ғана ойдағыдай емес. Әлдебір төрт тұсы тең келген жобаның жету пунктіне барар жолды тырапай асуы соған дәлел.

3) Адамның көңіл күйі кейде ешбір себепсіз-ақ шарықтап кетеді. Кейде себепсіз құлазиды. Көңіл күйді бағындыруға бола ма?

Болады, әрине. Әйтеуір, өзім сондаймын. Көңіл-күй, сезім дегендер екінші кезекте тұрады жеке мен үшін. Ақыл жетпей жатса, барлық сыртқы әлеммен байланыс түрлерін сөндіріп тастап ретке келіп алғанды жөн көремін. Бірақ, көңіл-күйге құлақ аспауға тырысамын. Себебі, ол тұрақсыз дүние. Қазір, құштар болғаныңмен, ертең сасып қалуы мүмкін әлдебір дүниенің. Ал егер ақыл қалап жатса, ол басқа әңгіме.  

4) Адам ыстық тамақ ішкен соң ұйқысы келеді. Неге?

Тамақ ішкен кезде асқазан белсенді түрде ас қорытуға көшеді, қан айналымы негізінен қарын төңірегінде жүрген соң, сәйкесінше миға қан салыстырмалы түрде аз барған соң, адам ұйқыға жатқысы келеді. Оның үстіне ағза да анау-мынауға алаңдамай, асықпай асты қорытып алсам дейді, сондықтан ұйқы басады. Ол тек адамда ғана емес, өзге де тіршілік иелерінде бар қасиет.

Тағы бір нұсқа бойынша, тамақтың құрамындағы глюкоза адамдардың сергек жүруіне мүмкіндік беретін протеиннің ерекше түрі орексиндарды шығаратын нейрондарды матап тастайды екен. Содан кейін де, адамның ұйқысы келеді.

5) Үшке бесті қосса қанша болады?

3-ке 5-ті қосса 53 болады.

Сәкенге тағы да алғыс білдіре отырып, эстафета таяқшасын ҚазНеттің Ақзересі - Анарға бергім келеді.

1. Корейлерге қашаннан бері қызығасың? Там-тұм тарих.

2. Осы уақытқа дейін көп білмейтін бір оқиғаны айтып берші.  Шамалы шындық.

3. Қазақтан басқа, қай ұлт болып туылуды қалар едің? Сәл-пәл сыр

4. Көктемгі депреснякқа осы жолы өзімнен бастап біраз танысыма дейін түсіп қалды. Өзің қалай құтыласың/құтылар едің осыдан? Аз-мұз ақыл.

5. Елдің бәрі күліп жатқанда аңтарылып қалып, тынышталғанда ырқылдай жөнелетіндер туралы не ойлайсың? Кішкене күдік

 

Аса мәртебелі Анар ханым айдаһардай арпалысып жатқан аса қауырт жұмысын жинастырып, қарапайым халықтың кішкентай өкілі қойған сұрақтарға сызданып емес, сезіммен жауап береді деп үміттенемін.

22
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 03 сәуір 2012, 10:15
Тегтер: эстафета, сұрақтар, репрессия, Ақзере

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.