Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета - сауалдар

Эстафета - сауалдар

Эстафета - сауалдар

Розатай қалқа маған эстафета ұсынып не стандартный сұрақтар қойған екен, жауабы төменде.

1. "Мысли материлизуется" дегенге қаншалықты қосыласыз? Жалпы, өз ойыңыз, мысалдар жазсаңыз, тіпті жақсы.

 Қазір адамның ой-түйсігінің материалдық әлемге әсері жайлы кітаптар көбейіп кетті. Осыдан екі-үш жылдар бұрын қаланы былай қойғанда, ауылдың келіншектері мен кемпірлерінің бірі қалмай, «Секрет» деген атаумен шыққан деректі фильмді көріп алып, шеттерінен ақылгөй болып кетіп еді. Кімге барсаң да «тек жақсылықты ойлау керек, тек жақсы сөздер айту керек» дегендей лекция оқып кететін. Бірақ көп ұзамай-ақ соны өздері де ұмытып кетті)).

Өзім де сол фильмді көріп, артынан осы тақырыпта бірнеше кітап оқып шыққаным бар. Осы идея негізінен Батыстан келіп жатыр. Қандай мақсатта таратылып жатқанын білмеймін. Жеке басым бұл пікірлерге толық қосыламын. Таңғажайып мысал іздемей-ақ қояйын. «В начале было Слово, и Слово было Богом» деп басталады Інжіл кітабы. Мұндағы сөз – мән. Материя мәнге бағынады. Жалпы көп діндердегі медитация, тіпті намаздың өзі осы ойды реттеу үшін жасалады.

 2. Гендерлік саясатқа қатысты: егер сіздің жарыңыздың қабілет-қарымы мықты және оның табиғаты "карьеристка" болса, не істейсіз? Демеп, жұмыс істеуіне мүмкіндік бересіз бе, әлде?

 Маған салса әйелдің үйде болғанын қалар едім. Бірақ, егер әйел шынымен карьеристка болып шықса ол бәрібір дегеніне жетеді ғой. Тем более сен айтқандай қабілет-қарымы күшті болса маған да шамасы жететін шығар. Ондайларға қарсы шығып береке таппайсың:)) Расын айтсам, көмектесер едім – девойлайм енді.

 3. Біздің қазіргі журналистикамызда әсіреқызыл сөз көп екен сіз де, мен де білеміз. Тек қана ақпаратты сауатты жеткізу стиліне көшу және ұзын-сонар "толғау" мақалалардан арылу үдерісіне қалай қарайсыз? Осыны тездету үшін не істеуіміз керек? (білем, бұл - уақытпен келетін дүние, тек сіздің ойыңызды білгім келеді)

 Иә, қазақ баспасөздері тіл, ұлт, діл деген сияқты тақырыптарды орыстардан көрі жиі қозғайды. Ал бұл тақырыптар эмоцияны қажет етеді. Сондықтан онда ақпараттық мәннен көрі жалаң сөздер, банальный түсініктер көп кетеді. Бірақ мен бұдан дереу арылу керек деп ойламаймын. Егер қазақстандық билік біз тәуелсіздік алған жылдары ақ отарсыздандыру саясатын жүргізген болса қазір қазақтілді БАҚ-тың әңгімесі мүлде басқа болар еді. Көбіне әлеуметтік, экономикалық тақырыптарды талқылап жатар ма едік, кім білсін. Дегенмен мемлекет отарсыздандыру саясатынан бас тартқандықтан тіл, діл, ұлт деген сияқты тақырыптарды әркім қалауынша мұжып, берекесін қашырып жіберген сияқты. Бұл әдет кейбіреулерге ұнамағанымен оны ешкім бірден жойып жібере алмайды. Бұл өзі жеке адамның психикасында кездесетін «комплекс неполноценности» сияқты құбылыс шығар. Так что, бұл үрдістен құтыламыз деп  асығудың қажеті жоқ, толғағы жеткенде ғана құтыламыз.

 4. "Қазіргі қазақ журналисі кешкі 7-ге дейін редакцияда тапжылмай отыратын, бас редактордың тапсырмасымен ғана жұмыс істейтін маман" деген пікірге келісесіз бе? (Бұл пікір "Керекинфо" блогтұғырында айтылды)

 Меніңше бұл қарапайым логика. Кез келген журналистік ұжым мүшелерінің өзіне тиесілі функциялары болады. Газетте де, радиода да, телеарнада да бал жинаушы ара секілді, ақпарат жинап әкелетін адамдары болады. Солар жинап әкелген шикізатты өңдеп эфирге, газет бетіне ұсынатын дикторлар, жүргізушілер, аналитиктер болады. Қысқасы әркімнің өз міндеті бар. Другое дело, «қазіргі қазақ журналисі қандай шараларға барады» деген сұрақ қойылса түсінуге болады. Шыны керек, үлескерлердің дауы, коммуналды қызметтер, мұнай-газ компанияларының есебі деген сияқты тақырыптағы жиындарға қазақтар аз барамыз.

 5. Сіздің ұялы телефоныңыздың, көлігіңіздің, қызметтік куәлігіңіздің нөмірлері қандай? (бұл енді қалжың сұрақ )))))))))

 Ұлы телефоным: 87777793107 (хат жазып тұр),

Көлігім: В 015  YWN. Маркісі: S60, вольва (Кілтсіз ұрлау мүмкін емес).

Үйімнің нөмірі 78 (келіп тұр).

Қызметтік куәлік: 54.

Рнн: 00000001

удост серия: 9999999,

Банктегі есепшот: 5555555(ақша сап тұр)

Сик: 77777777(зейнетақыма тиіспе).

Диплом: 1234567.

 

Мына сұрақтарды Димаш деген деген ініме, туған жерлесіме қойсам:

 

1) Біз қазақты ұлы халық деп атаймыз. Ой, несін айтасың, бірлігі жарасқан, базары тарқамаған ұйымшыл халық болған дейміз. Бөскен кезде біраз жерге барасың ғой. Бірақ сталиндік қырғында көршісін, туысын, досын сатқын деп ұстап берген, болмағанды болды деп жазып куәлік берген өзіміздің қазақ қой.  Жоғарыдан келген тапсырманы он есе артығымен орындап, бір адамның орнына он адамды шпион деп ұстап берген өзіміз. Мұндай мысалды әлемнің басқа ешбір халқынан кездестіре алмайсыз. Неге?

 

2) Елбасының сөйлеген сөздеріне қарасаң, ауызекі тұжырымдарына қарасаң мәселені сол кісіден артық түсінетін адам жоқ секілді көрініп кетеді. Бірақ де факто бәрі керіcінше болып жатыр. Неге?

 

3) Адамның көңіл күйі кейде ешбір себепсіз-ақ шарықтап кетеді. Кейде себепсіз құлазиды. Көңіл күйді бағындыруға бола ма?

4) Адам ыстық тамақ ішкен соң ұйқысы келеді. Неге?

5) Үшке бесті қосса қанша болады?

 

Эстафета кезегі Dinmukhamed-те.

585 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 02 сәуір 2012, 23:54
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 00:46

ұялы телефоныңды жаздың :?: біттім дей бер, қыздар мазалайтын болды ғой :D

+0
03 сәуір 2012, 09:50

Алаңдама, уақыт табам ғой. Өзің де хабарласып тұр.

+0
03 сәуір 2012, 10:20

;)

+0
03 сәуір 2012, 09:23

Саясаттан шаршаған жоқсыз ба?! :lol:

+0
03 сәуір 2012, 09:47

Шаршағаннес, мен әлі айналысқан жоқпын. :?

+0
03 сәуір 2012, 09:27

1- сұрақ, қазақтардың "любимый" сұрағы, 2- сұрақтан саясат ойландыратынын көрсетеді екен. 3- менде соның жолдарын үйренсем дейм. Былай сұрақтарың ойландырад :roll:

+0
03 сәуір 2012, 09:51

Төртінші сұрағым ше? Сен не деп жауап берер едің?

+0
03 сәуір 2012, 09:57

Адам аш кезінде миы жақсы жұмыс істейді тамақ табу мақсатында, ал тойған соң уайымы азаяды :)

+0
03 сәуір 2012, 10:07

4-сұрақ қиын екен шынымен де :shock:

+0
03 сәуір 2012, 10:09

Сәкен, ең негізгі сұрағыңды ұмыттың вип-Қағанатқа барғалы.... "Не жейміз?"

+0
03 сәуір 2012, 10:13

Иә, айтпақшы. Әбетке барғанда "бүгін мен қандай тамақ ішемін" деген сауал вечно алдымнан айналып шыға береді. Қысқасы күнде мазалайтын сұрақ.

+0
03 сәуір 2012, 11:07

Бұл сауал вечно алдыңнан айналып шыға бермес үшін үйлену керек :)

+0
03 сәуір 2012, 11:51

жоқ ол үшін асхана ашу керек жұмыста! әйтпесе үйленген Жарқынды да "Не жейміз?" деген мәселе бір кісідей алаңдатады

+0
03 сәуір 2012, 12:13

А, мен Сәкенді әбетке үйіне баратын шығар десем. :)

+0
03 сәуір 2012, 11:06

4) Адам ыстық тамақ ішкен соң ұйқысы келеді. Әсіресе, жұмыс күндері. Ал демалыста көзіңді байлап қойсаң да ұйықтай алмайсың :P

+0
03 сәуір 2012, 11:51

мен керісінше, демалыста ұйқтаймын, оянсам дүйсенбіге қараған түн болады))

+0
03 сәуір 2012, 11:11

Мәә, бірінші сұрақ кәдімгідей ойландыратын сұрақ екен. Димаштың басы қататын болды ))

+0
03 сәуір 2012, 11:54

Негізі, осы эстафета - эстафеталардың төресі болған сияқты, өте қызықты жазбалар шығып жатыр, тамаша Сәкен!)

+0
03 сәуір 2012, 12:04

Тамаша Сәкен :?: :oops:

+0
04 сәуір 2012, 14:34

жауаптарды да, сұрақты да өлтіріпсің дегенім ғой)

+0
03 сәуір 2012, 14:23

Күшті сұрақтар! Түнде ұйықтай алмай жүр едім, жақсы болды енді жатар алдында ыстық тамақ жеймін. :lol: :lol: 3-сұрақтың жауабы ауа райына байланысты ау деймін, менде солай... :?

+0
03 сәуір 2012, 17:34

ып ыстық борща тойып алып ұйықтап жатқан Айнара елестеп кетті

+0
03 сәуір 2012, 23:59

тәтті ұйықтайм, тәттіболып, тәтті борщтан кейін:)))

+0
03 сәуір 2012, 17:20

Рахмет, сізден осындай нақты, тұшымды жауаптар күтіп ем! ;)

+0
04 сәуір 2012, 00:07

Розатайдың бірінші сұрағына риза болғам. Басқа, басқааааааа жауап күтіп ем. Мысалмен дегендей. Бірінші сұрақтың жауабына қанағаттанбадым. :? А так, басқасы джынды! ;)

+0
04 сәуір 2012, 09:21

Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан

+0
04 сәуір 2012, 15:07

Сәкен, жеке мәліметіңіздің бәрін тізіпсіз, логиніңізді де қыстыра салмадыңыз ба ;)

+0
05 сәуір 2012, 11:28

Қажет десең личкаға лақтырам ғой. Ато менде секрет қалмай қалатын болды.

+0
07 сәуір 2012, 19:47

;) ;) ;) - мен мына смайлшаны форумда әлденеге көңіл толмағанның белгісі ретінде көп қолданатынмын, енді көзін қысып тұрған қуға айналып кеткен бе, жаңа байқап отырғаным.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев