Кезексөз (эстафета) Сансыз сауал

Кезексөз (эстафета) Сансыз сауал
жеке
блог

Кезексөзді ұсынған Назеркеге  рақмет! Осы жазбаны оқып отырған саған рақмет!  )

Негізі жауапсыз сұрақтар болмайды. ) Жауабы нақты емес, әркімнің дүниетанымында әртүрлі, пенде баласын толғандыратын сұрақтар болады ) 

Жауап беріп көрейін )))

1. Неге адамдар өзінің өмірлік жарын таңдауда көбіне қателесіп, өкініп жатады?

Өйткені адам өзіне идеал іздеумен өтеді.

2. Неге біздің қалаларымыздың тап-таза, әсем болуына басшылар аталыспайды?

Олар тек мәселені көтеруді ғана біледі ) 

3. Айықпас ауруға шалдыққан, есі дұрыс емес адамға өмір сүрмей, өлген дұрыс па?

Өмір сүрген дұрыс. Өйткені, олар өмірді өздерінше сүреді.

4. Бірін-бірі қатты жақсы көретін жандар, тек сезімнің арқасында бақытты бола ала ма?

Сезім - алғашқы саты. Үйленген соң, ақылдары арқылы өмір сүреді )

5. Мен осы көп адамға алғаш қалай көрінемін? Мен туралы көбіне қалай ойлайды екен?

Сен ашық-жарқын, бауырмал адам болып көрінесің. 

6. Массагеттің ашылғанына біраз болып қалса да, неге он.кз.-тегідей ұйымшыл емеспіз?

Он.кз-те аз ғана адам едік, және бір-бірімізді танитынбыз. Ал массагетте жаңа қауым қалыптасып жатыр. Болашақта массагеттіктердің де ұйымшыл болып кететініне күмән жоқ...

7. Жалпы жастарды жалықтырмайтын, қажетті, қазіргі кезде ең қызық тақырыптар қандай?

Махаббат )

Менің сұрақтарым:

1. Неге адамдар виртуалда бөлек, реалда бөлек?

2. Неге қазақтілділер үшін мой мир бәрібір құдіретті?

3. Неге жұлдыз дегенде ойымызға бірден әншілер келеді? Неге тек қана әншілер?

4. Неге интернет арқылы таныстық шын өмірдегідей шынайы болмайды? 

5. Неге адамның сыртқы түрі, киімі бірінші рөл ойнайды?

6. Қазақстан алдағы жылдардың ішінде Қытайға қосыла ма, Ресейге ме?

7. Неге адамға  үйленгенше анасы, бауыры, үйленген соң, жұбайы, өз отбасы ыстық болып кетеді? 

Соңғы сұрақ : Неге осындай сұрақтарға бас қатыруымыз керек? 

Кезексөз Розатайда.