Жаңа эстафета "Жұмбақтар шеруі"

Жаңа эстафета "Жұмбақтар шеруі"
жеке
блог

Салем  массагеттіктер!  Күздің күндері жеке өмірлеріңізге қалай әсер етуде?  Бүгін сіздермен жаңа эстафета бастамақпын. Кітап жайлы эстафета өтті Анар бастаған, әндер жайлы да, кинолардың да эстафетасы өтті. Стоп кадр  өз дәрежесінде форумда қызу талқылануда.

Басталатын эстафетаның тақырыбы: «Жұмбақтар шеруі»

Эстафета сұрақтары:

1.Өзіңіз сүйіп оқыған романнан үзінді келтіріп, роман аты мен авторын жасырасыз.

2. Қазақтың дәстүрлі  бір әнінен үзінді келтіріп, әннің атын, орындаушысын жасырасыз

3. «Қазақфильмнің» киносынан бір кадр қойып, кино  атын жасырасыз

 

Соңғы оқыған оқып жатқан кітабыңыз? Суйіп тыңдайтын әніңіз?  Ұнатып көретін қазақ киносы?

1. ...........Қыз да вагон басқышында тұрған әскери формалы жігітті көре салып, аңырып қалып еді. Басқыштан бір-ақ секіріп өз қасына келген Мәуленге ұмтыла түсті.

- Қайдан келіп қалдың, Мәулен? Мәуленчик деймін, қайдан келіп қалдың? - деп ұнасымды жіңішке даусын көтере сөйледі. Мәулен екі қыздың қолын кезек алып қыса берді. Чемодан ұстаған қызға өз аты-жөнін айтып та үлгірді. Бұл қыз бейтаныс адамға ерсілеу бір мінезбен қаттырақ, ұзағырақ күліп қалып еді..........

♦            ♦                 ♦                   ♦                ♦           ♦         ♦              ♦

.......Вокзал басы еді. Ауа райы көбінесе тымық болатын осы Алматы өлкесінде қара суық дауыл көтеріліп, қара жердің топырағын суырып тұрды. Бұларды аттандырып салуға қаланың бар халқы көтеріле келген. Вокзал төңірегін тірі жанның толқыны басты.......

♦          ♦                   ♦                    ♦              ♦           ♦          ♦              ♦

........Бүгінгі күнгі ақырғы сағатта Белгіғұлов Майқан лекция оқитын еді. Гүлшат жаңа орналасып жатқан жұртқа әлде бірдемені айтып, бәрін де күлдірді. Өзі аудиторияның түкпіріне қарай беттеді. .........

2. Жаңа ғана жұлдызын жаңбыр жұбып  өткендей

   Жана ғана шың басын самалдатып кеткендей

   Көкжиекпен ұштасқан көз жеткізсіз аумағын

   Алтай менен қол ұстасқан  *********

Алғашқы көмек))) 


(видео қою міндет емес)

3.

 

Мұхтар Мағауиннің «Шыңғысхан» атты деректі кітабы.

Бейбіт Қорғанның орындауындағы,сөзі Ринат Зайтовтыкі  "Қасымда бол" әні

Дежа вю, Режиссері Тони Скотт

Эстафета таяқшасын Жакоға беремін