Оле!!! Оле!!! Эстафета Сыйлық!!!

Оле!!! Оле!!! Эстафета Сыйлық!!!
жеке
блог

Қалайсыңдар массагеттік достар! Оле Оле дегенімнен-ақ байқаған шығарсыздар менің футболға деген әуестігімді? Футбол – бұл менің өмірімнің бір бөлігі, оған қызығушылығым кішкентай кезімнен бастау алады. Қажы атамыздың эстафета таяғын алмай-ақ қояйын деп едім, бірақ аттандырып жібере ма деп, екінші жағынан үлкен кісі ғой, сәл де болса сыйластық танытайын деп, жазуға уақыт тауып, кірісіп кеттім.

 

Ия, шын мәнінде мен ФУТБОЛ десе ішкен асын жерге қоятын адаммын, Футбол болатын күні мен ұйықтамаймын, тіпті сағат түнгі беске дейін көріп отырудан жалыққан емеспін. Жұмыста, тіпті ұйықтап қалған кездерім де болған, абырой болғанда коллегаларым выручать етіп калатын. Достарым: сен «футбол тұмауымен» ауырып жүрсің деп қояды арасында қалжыңдап, оларға мен «ей, қойыңдар қайдағыны айтпай деп қоямын».  Не керек футбол мені қатты қызықтырады, ол болған уақытта мен барлық дүниені ұмытып, өзім ойнап жүргендей футболдың ішіне кіріп кетемін.  Футболды қыздардан да артық қоямын, футболдың жөні бөлек қыздың жөні бөлек емес пе? :))))))))))))))))))))))))))))

 

Қыз деген көп,

Көп деген шөп,

Шөп үстінде доп,

Ал енді гол соқ.

 

Допті тепті адам,

Оның жері алаң

Адамдар аң-таң

Кімнің бәсі оңынан?

-деп футболдың арқасында қыздарды ұмытып кетіп жүрген жәйіміз бар. :)))))))))))))

 

Футбол жәйлі айта берсем, кешке дейін тоқтамай жазып, мына клавиатуранын шаңын тоздыратын түрім бар. Оданда осы жерден тоқтап, эстафета сұрақтарына жауап беруге көшейін:

 

«Сіздің есіңізде қалған кәдесыйлар»- есімде қалған сыйлық? мм...... Ұмытпасам кішкентай кезімде әкем бір доп пен бутцы(футболға арналған красовке) сыйлағаны есімде! Сол кезде ауылда команда-командаға болып бөлініп, достарыммен футболды шаршап шалдыққанша, тіпті шаршағанымызға қарамай, кара терге батып тұрып ойнайтынбыз. Әй сол кездер қайтіп келсе гой шіркін? Жастық шаққа ештеңе жетпейді екен гой? Ойласам болды ауылды сағынып кетемін. Сол доп пен бутцыды үйдің төбесіне шығарып тастағаным есімде. Ол жерге шықпағаныма да талай жыл өтті гой. Мүмкін тышқан мен крисалардың жемі де болып кеткен шығар. Кім біледі? :)))))))))))))))

 

«Ұмытылмайтын сыйлығым»- анамның менің туған күніме сыйлаған  фотоалбомін айтар едім. Қандай сыйлық болса да, ананың сыйлаған сыйлығына ештеңе жетпейді екен. Албомға жанұямның, өзімнің фотосуреттерім мен футбол фанаттарымның суреттерін салып, әлі күнге дейін естелік ретінде сақтап жүрмін. Кейде сұраған әрбір қонаққа көрсетіп, мақтанып та қоямын. :)))))))))))))))

 

«Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз»- Менің ойымша әрбір сыйлықтың өзіндік ерекшелігі бар. Енді саған біреу сыйлық беріп жатса, ешкімнің қолын қйтармайсын ғой. Тек сол сыйлықты алған кезде әрбір адам сапасына мән берсе екен деймін. Негізі сапасыз сыйлықтардан бас тартар едім.

 

«Жалықтырған кәдесый»- Шынымды айтсам мұндай сыйлықтарды кездестірмеппін. Шын жүректен сыйланған әрбір сыйлық мен үшін - қымбат.

 

«Өзімді жәйсіз сезінетін кездер»- Қыздармен кафеде отырып болғаннан кейін, ақша төлейтін кезде, «өзім төлеймін» десем де, кейбір қыздардың жағаласып (менде де ақша бар деген сияқты ма?), ақшаларын шығарып, бірге төлеуіміз. Осындай қыздармен өзімді өте жәйсіз сезінемін.

 

P.S.: Қыздар не десе де, футболдан бас тарта алмаймын. Ренжімеңіздер???.

 

Ал эстафета добын Қайеке өзіңе ұсынамын. Сенің де сыйлықтар жайлы пікіріңді қыздар білгілері келетін шығар???

av