Материалдарды қолдану тәртібі туралы ақпарат
Материалдарды қолдану тәртібі туралы ақпарат
Massaget.kz сайтына кірушілер мен пайдаланушылардың назарына!
Сайтта жарияланатын танымдық мақалалар, ақпараттық жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, мамандардың пікірлері ретінде мазмұндалған мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар мен өзге де материалдар төмендегі мәтінде қолайлы оқылуы үшін Материалдар деп аталады.
Осы сайтта жарияланған барлық Материалдардың авторлық құқығы, ерекше аталған жағдайларды қоспағанда, сайт иесіне яғни Massaget.kz (бұдан әрі - Сайт) тиісті.
Сайт әкімшілігі Сайтта Материалдар орналастыру және Сайт қызметінің басқа да түрлері бойынша Сайт иесінің ресми өкілі болып табылады.
Егер иллюстрация болып саналатын кез келген Материалдың төменгі жағында авторы не құқық иеленушiсі көрсетілсе, графиканы қайта жариялау мәселесі бойынша тікелей соған хабарласыңыз.
Massaget.kz–те жарияланған «Блогтар» айдарындағы Материалдардан басқа барлық Материалды, сондай-ақ фото, аудио, бейне материалдарды сайттағы түпнұсқасына міндетті түрде гиперсілтеме жасап, Материалда баяндалған мазмұнын сақтай отырып кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі серверлерінде немесе басқа да тарату құралдарында қайта жариялауға, таратуға және ретрансляциялауға болады. Сайтқа жасалатын гиперсілтеме Материал мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде белсенді түрде көрсетілуі тиіс.
Шектеулер: «Блогтар» айдарындағы барлық Материалдың түпнұсқасын немесе үзіндісін кез келген ресурстарда, оның ішінде Интернет-сайттарда қайта жариялауға, ретрансляциялауға, қайта шығаруға, көшіруге немесе таратуға Тыйым салынады.
Осы айдардың Материалдарын қандайда болсын нысанда пайдалану құқығын тікелей Материал авторларының жазбаша рұқсаты арқылы ғана алуға болады.
"Блог" айдарындағы фото-видеолар құқығына сайт әкімшілігі жауапты емес.
Massaget.kz сайтындағы авторлық фото, аудио және бейне Материалдардың түпнұсқаcын немесе үзіндісін кез келген БАҚ-тың, оның ішінде Интернет-сайттардың көшіруіне, орналастыруына немесе басқаша пайдалануына редакцияның жазбаша рұқсаты арқылы ғана жол беріледі.
Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта Өзінің Материалдарын қайта басу және ретрансляциялау шарттарын себеп-салдарын түсіндірмей-ақ өзгертуге құқылы.