жеке
блог

Эстафета - "Қазақшасы қалай?"

Сәлем, сәлем!

Сәкен ұсынған эстафетаны осыншалық кешіктіргеніне айып етпессіздер. Себебі,эстафета таяғының маған берілгенінен мүлде хабарсыз болдым. Кеше Ботик ағамның "Эстафета таяғы саған тиді, неге жазбай жатырсың?" дегенінде бір-ақ білдім. Сөйтсем Сәкен "Сіреспе аударма" деген жазбасының соңында "Эстафета таяғын Арайлым Смағұлға беремін. Аударманың қадірін бір білсе осы қыз білер" де-е-еп маған біраз үміт артып қойыпты. Содан артылған үмітті ақтай аламын ба деп ойланғаным соншалық тіпті, түнде түсімде осы эстафетаны жазып жатыр екенмін)))). Бірақ не жазғаным есімде қалмапты.

  Өзіміздің ұсынған аудармаларымызбен қазақ тілінің сөздік қорына керемет бір жаңалық енгізбесек те, бұл эстафетаның басқаларына қарағанда жүгі ауырлау ма дедім. Қазір барлық іс-қағаздар жүргізу ісі толық қазақ тіліне көшіріліп жатқанымен, біздің Қостанай облысында ол өте баяу жүргізілуде. Оның үстіне облысымызда "орекеңдердің" қарасы көп болған соң ба, аударма саласы ақсап тұр (Оның несін жасырайын енді). 

 "Здрастиден" басталып, "До свиданиеден" аяқталатын күнделікті жұмыс күнімізде көп сөздердің қазақша аудармасына мүлде мән бермейтінімізді байқадым. Кейбіреуінің аудармасын таба алмай сол орысша қалпы қолдана беруді де қалыпты жағдай деп түсінеміз.   

Эстафета шартына сәйкес, мен де орыс тілінде қолданылып жүрген бірнеше сөздердің қазақша баламасын ұсынамын. (Мүмкін кейбіреуінің аудармасы қолданылып та жүрген шығар)

Заметка - белгілеме

Упаковка - қаптама, орама

Белизна - ағартқыш құрал немесе ағартқыш сұйықтық

Визитная карточка немесе визитка - дерекжиынтық

Степлер - қағазқапсырма 

 

Эстафета таяғын Қыпшақ қызына ұсынамын. 

Жақында бір естігенім, "Домовая книга" дегенді "Үй аруағы кітабы" деп аударыпты))). Сол қаншалықты рас екенін білмедім.

 

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі