Эстафета: Менің жазғы демалысым

Эстафета: Менің жазғы демалысым
жеке
блог

Қазір демалыстың бітіп жұмыстың қызып жатқан кезі ғой. Дегенмен, "осы жаз қалай өтті деген?" қысқаша өзіңізге есепнама жасап көрдіңіз бе? Мектепке барған күніміз де әдебиет сабақтарынан естеріңде ме "менің жазғы демалысым" деген шығарма жаздырып қоюшы еді ғой :))). Сол кезде қиналып жазатын шығармамызды ендігі ге сағынып қалған да шығарсыз а? ))). Ол кезде баға үшін болса, қазір өзіміздің қызықты сәттерімізбен бөлісу мақсатында жазайық иа :). 

Фейсбукта бәріміз бармыз ғой, сонда әр досымның демалыстағы суреттерін көріп маған мындай ой келді. Әрине, әр кімнің ойын білу үшін ол эстафета болатынын білесіздер. Сонымен, эстафета шарты былай: 

1. Сіз жазды қайда, қалай өткіздіңіз? барған жерлеріңізді міндетті түрде суретпен көмкерулеріңізді сұраймын, сонда пост қызықты болады. Бұл пункте міндетті түрде шетелге ғана барғаныңыз емес, ауылға, тауға, көлге жәй достарыңызбен қыдырғандарыңыз, от жағып отырған сәттеріңіз де болады. 

2. Барған жерлеріңізді сервисі ұнады ма? Бұл енді, келешекте сол жаққа барғысы келгендерге қысқаша нұсқаулық болар еді. 

3. Демалыс кезінде қандай қызықты жаңалықтар аштыңыз өзіңізге? Жүзуді, велик тебуді үйренсеңіз жаза кетіңіз. Қандай қызықты ойындар, опшым сіз үшін ерекшелікті жаза кетіңіз. 

Әрі қарай өз қиялдарыңызға ерік беріңіздер! Бастысы осы сұрақтарға жауап жазып қана қоймай әдемі, позитивті суреттеріңізбен бөлісе отырыңыздар. 

Эстафетаны биылға көп қыдырған (менің ойымша, ең көңілді жазды өткізуші) Айқаракөзге бергім келеді. Өзім, қорытынды ретінде жазамын.