Эстафета - өтірік

Эстафета - өтірік
жеке
блог

 

 

1. Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұсы бар ма?

– Мұндай сәттер көп. Әлі де болуы мүмкін. Бірақ мен қумын ғой. Ұяттың мәселесі шешілетін өтіріктердің ашылуына жол бермеуге тырысамын. Ашылар жағдай болса, іштей «мені түсінерсіздер, кешіріммен қарарсыздар» деп, бетім бедірейіп жүре береді. (Тағы есіме түсіп жатса, пікір ретінде қосармын).

2. Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?

– Болды. Үйдің есігінің алдында теріс қарап тұрған бір жігітті інім екен деп, желкесінен қатты түйдім де, ішке кіріп кеттім. Сыртқа шықтым да, бір жігітпен амандастым. Үйге кіріп, «Мұратбек қайда?» десем, бәрі «ол бүгін үйге келген жоқ» дейді. Қарасам, мен желкесінен түйген адам бір шаруамен келген бейтаныс екен. Бәрінен бұрын, желкесінен түйіп алып, үйден түк білмеген есуастай амандасқанымды-ай! «Амандасу үйіне кіріп шыққан соң есіне түсті ме» деген шығар.)))))) Айтпақшы, "агент" пайда болғалы бері өтіріктің көкесі, ұялудың көкесі болатын болды. Біреудің жазғанын байқамай біреуге жіберіп қалу деген сияқты. Шатасып, "непристойный" хатты бір бұрынғы әріптес келіншекке жіберіп қойғаным бар.

3. Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?

– Иә. Мектептің кітапханасында үш күн бойы кітапты тіркеуге алумен айналыстым. Кітапханашы апайдың тапсырмасы. Өз жұмысын маған істетті. Түнде ешкім жоқ мезгілде талай кітапты ұстап көремін. Бірақ ұрлағым келмейді. «Қызық үшін күндіз, апай бар кезде ұрласам қайтеді?» деген өзіме тән желікпе ой келді. Сөйттім де, толық апай теріс қарап тұрған кезде бір кітапты ішіме салып алдым. Химияға қатысты кітаптың маған не керегі болды екен деп, әлі күнге дейін ойланамын.

 

Сөз соңында өтірік туралы. Өмірімнің өзі - өтірік! Кезек - Салтанат Бегісбекте!