Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Мейіргүлге: Мейіргүл блогер немесе редактор болмасаңыз басқа қай салаға кетер едіңіз?
Еркебұлан, суреттеріңізде домбырамен түскен сәттеріңіз бар. Күй шерте білесізбе? Және жыр, терме айтамын деген едіңіз. Термелерге қай жасыңыздан бастап қызығушылығыңыз оянды? Және оған не түрткі болды?
Мейіргүл, сіздің өлең жазатыныңыз, ақындық қасиетіңіз бар екені баршамызға аян. Қазірлері жазбай жүрсеңізде, шабыттың тыныштық бермесі анық, әлі талай өлең жолдары дүниеге келері сөзсіз. Келешекте осы шығармашылықпен айналысу ойыңызда барма? Өлеңдеріңізді жеке кітап қып шығарар ма едіңіз?
Мейіргүлге: Қазіргі жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма? Көңіліңіз толмайтын нәрселер бар ма?
Еркебұланға: Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Сол арманды орындауға талпындыңыз ба, әлде ол құр қиял боп қалды ма?
сұрақ қою аяқталды
[quote=""]сұрақ қою аяқталды[/quote
үлгермей қалдым :evil: :cry:
"Жансая" үлгермей қалдым :evil: :cry:

маған агент арқылы жолда сұрағыңды. Тек сұрақ кімге екенін жазуды ұмытпа! Тездетуге тырыс, тағы да үлгермей қаларсың :D
уау, енді кімді сұрақпен "атамыз"? :)
"Луиза #" уау, енді кімді сұрақпен "атамыз"? :)

Нұрзия мен Сәнияны "атамыз":D
Нурзия Атаева мен Сания Аринова екеуіне ортақ сұрақтар: 1. Мектепте қандай оқушы болдыңыз? 2. Интернеттің өміріңіздегі орны, маңызы? 3. Асқақ армандарыңыз? 4. Көктем деген Сіз үшін ...