Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Айконаға қояр сұрағым: Жалғыздық қай кезде қалғанда жақсы? Жалғыздықты қалай түсінесіз?
Алшын Матайға: Проза жазу үшін алдымен неден бастаған жөн?

Айнұрдың бірінші сұрағына мен жауап бергім келіп отыр))))))))))
Айконаға: Ең алғаш екі алғаныңыз есіңізде ме? Үйдегілерге қалай жеткіздіңіз? Сабақтан қашып көрдіңіз бе?

Алшын Матайға: Өкінішсіз өмір деген қандай өмір? Ол бар ма? Сүрер ме едіңіз таңдау берілсе?
Айконаға сұрақ: Қыз кезінде бәрі жақсы Жаман қатын қайдан шығады?
Алшын Матайға сұрақ:Қолыңызға сиқырлы таяқша түсті.Мына өмірде нені өзгертер едіңіз?.
Айконаға: Таңертең ұйқыдан оянғанда ең бірінші нені/кімді ойлайсыз?
Алшын Матайға: Ең алғашқы еңбекақыңызды неше жасыңызда алдыңыз? Оны не нәрсеге жұмсадыңыз?
Айконаға қояр сұрағым: Жалғыздық қай кезде қалғанда жақсы? Жалғыздықты қалай түсінесіз?
Алшын Матайға: Проза жазу үшін алдымен неден бастаған жөн?

Айнұрдың бірінші сұрағына мен жауап бергім келіп отыр))))))))))

сізге де кезек келер...))
Айкона апама: Қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының рөлі қандай , көңілініз толама, көбісі шет елге еліктеп бара жатырған жоқпа ?
Алшын Матай ағама сұрақ: Қазіргі қазақ жастары яғни қазіргі заман , жаңа ғасыр жастары патриотпа өз елің жақсы жағынан таныта алама? калай ойлайсыздар ,осы сұрақтарыма ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Айконаға 2 сұрақ: 1)Көзбояушылықты қалай түсінесің? Оны өзгеден байқаған, көрген, білген, сезген сәтте өзіңнің әрекетің қандай болады? 2) Кекшілсің бе?
Алшынға қояр бір сұрақ: Массагеттегі қай блоггермен кездесіп, сұхбат алғың келеді?
Айконтайға сұрақ: өміріңіздегі ең қатты қуанған және мұңайған сәтіңіз туралы айтып беріңізші.
Алшеке ағама сұрақ: осы күнге дейінгі ғұмырыңызда сағынышпен еске алып,"шіркін-айлап" қайтарғыңыз келіп тұратын жасыңыз қай жас? Мүмкін 18 әлде 25 шығар?
Алшын Матайға сұрақ: Қазақ несімен қазақ?(Сіздің осы тақырыпта жеке ойыңызды, пікіріңізді білгім келеді.)
Айконаға сұрақ:"осы әлеуметтік желіден кетпесем" деген ойларыңыз бола ма?)