Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Еркебұланға: өмірлік көз қарасың қалыптасып үлгерді ме?
Еркебұлан мен Мейіргүлге сұрақ қоя отырыңыздар
Мейіргүлге сұрақ, кумиріңіз барма, бар болса кім? айта отырыңыз
Мейіргүлге: Массагеттен біраз айтысыңызды оқыдық. Енді менің сұрағым мынау: Ақын болу үшін Ақында не болуы керек деп ойлайсыз? Және қай ақындарды көп оқисыз?

Еркебұланға: Өзіңіздің "меніңізге" (ішкі түйсік) қаншалықты мән бересіз?
Мейіргүл ханымға:
1. Адам бойындағы сізге ұнамайтын қасиет?
2. Бос уақытты қалай өткізген ұнайды?
3. Бала күніңізде не армандайтын едіңіз?
4. Блоггерлік жолыңыз қалай басталған еді?

Еркебұлан мырзаға:
1. Жас блоггерлерге берер кеңесіңіз?
2. Үлгі тұтар тұлғаңыз бар ма?
Eragama: Jigittin kai jasta uilengeni durys?
Meirgul apama: Kyz balanyn kai jasta turmyska shykkany jaksy? oz oilarynyzben bolise otyrsanyzdar!
Мика, тарам-тарам жолы бар мына тағдырда дұрыс жол таңдап келе жатырмен деп ойлайсыз ба? Артыңызға жиі бұрылып қарайсыз ба? Өз өміріңіздің (әрине, әлі көпте өмір сүрген жоқсыз. Бірақ осы жасқа жеткен де, жетпеген де бар дегендей) қай кезеңдерін өзгеге өнеге боларлықтай болды деп ойлайсыз? Қазіргі көз тірі адамдардың қайсысына балаларыңызды ұқсағанын қалайсыЗ? ;)
Ерке, сіз еркесіз бе өмірде? Кімге еркін еркелейсіз? Шыныңызды айтыңызшы. ;)
Еркеге сұрақ: Бір ұшақта келе жатырсыңдар. Жаныңда Ардақ, Болат, Абзал Сариев және Болатбек бар. Барлықтарыңда бір-бір парашют бар. Бірақ, Болатбектің парашюті жарамсыз. Оны тек сен білесің, осы жағдайда сенің әрекетің қандай болады?!
Мейіргүлге сұрақ: Бір магазинде керемет скидка болып жатыр. Жаныңда Сәния, Ақерке, Розатай бар. Қыздар бар ақшасын құртып қойған. Сенде соңғы 5000 тг бар. Бірақ, сен ол ақшаға өзіңе ұнаған дүниені алуға ниеттісің. Бірақ, Розатай да сол затты алғысы келіп, сенен соңғы 5000 тг-ні қарызға беруіңді сұрайды. Қарызды 20 процентпен қайтарамын деп айтады. Осы кезде сенің әрекетің қандай?
Еркебұланға: Еркебұлан, бұрын сіздің кереметтей жазбаларыңызды оқып тамсанушы едік, "блогер" деген осылай болу керек деп бетке ұстайтынбыз... Ал соңғы кезде бәрі керісінше болып кеткен сияқты(жеке ойым). Мұның себебі неде? Баяғы біз білетін "ойы таза" Еркебұлан Қайрахан қайда кетті? Әсіресе, соңғы жарияланған екі жазбаңызды сізге лайық емес деп санаймын!