Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

О жоқ, қорқамын сұрақтардан))
О жоқ, қорқамын сұрақтардан))

өз-өзіңізге берік болыңыз :lol:
Нұрзияға сұрақ: 1) Алматыға қашан келесің? 2) Депутат болсаң мені ұмытып кетпейсің бе? 3) "Депутат болсам, 1 гектар жер беремін" дегеніңді ұмытып кетпейсің бе кейін? )))))
Сания Ариноваға: 1.Адам болып қалыптасудағы басты міндет деп нені айта аласыз? 2. Егер көшеден бір мүсәпір жанды кезіктірсеңіз оған қандайда бір көмек бере аларма едіңіз?

Нұрзия Атаеваға: Өзіңізге-өзіңіздің көңіліңіз толмайтын кездер бола ма? Жиі өкінесіз бе?
Сәния мен Нүрзия ханшайымдарға сұрақтар жаудырамыз)
Сания мен Нүрзия әпкелеріме бір сұрақ: Бала кездеріңізде қандай болдыңыздар? Туған жерлеріңіз туралы айтып кетсеңіздер....(Нүрзия әпкем жамбылдық екенін ғана білемін, нақты қай жерінікі екенін білгім келеді :D )
Сания мен Нұрзияға сұрақ: Махаббаттың белгісі ретінде нені түсінесіңдер? Мысалы, жігіт не істесе ол шын сүйгендікті білдіреді?
Ортақ сұрақ: Өзіңіздің қандай мінезіңізді ұнатпайсыз?
Нурзия Атаева мен Сания Ариноваға ортақ сұрақтар: 1.Өмірлік ұстанымдарыңыз қандай? 2. Осы өмірлеріңізге өкінген кездеріңіз болдыма? 3. Өзіңіз қазақ порталын ашуыңыз мүмкін бе? 4. Массагет сізге не берді?
Сәния мен Нүрзияға сұрақ қою бүгін аяқталды. Келесі сұрақ қоятындарыңыз өздері сұраққа жауап бергісі келетіндіктерін пікір етіп қалдырған Қазына мен Беке есімді қолданушыларға қоямыз. Мерекеге байланысты бұл жоба сәл кешіктіріліп қалды