Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Salem. Men osi jana bastamani awkan adamga surak koigim keledi eger ruksat bolsa....
Salem. Men osi jana bastamani awkan adamga surak koigim keledi eger ruksat bolsa....

Ол адаммен сухбаттастык кой!!!
Екі жұлдызға ортақ сұрақ:"Қашан үйленесің?" деген сұрақ жиі қойыла ма, не деп жауап бересіздер?
Болатбекке сұрақ: Неге сондай приколистсіз? Бұл басқалардан қорғану амалы ма, әлде өмірлік ұстаным ба? Күлкімен өмір сүрген жеңілірек пе?
Ғазизаға: 1.Кейде адам өзімен-өзі тілде­се­тін, сырласатын кезі болады. Сондай сәттерде қандай сауалды өзіңізге жиі қоясыз? 2.Журналистиканың пайдасы мен зияны неде? 3.Сынды қабылдай аласыз ба?
Болатбекке: Хоббиіңіз не?
мәә, маған ешкім айтпастан, сұрақ қойылып кетіпті ғой, кездейсоқ көріп қалдым. ал егер байқамаған болсам ше??? мені хабардар етіп жіберіңіздер, маған Гүлфайруздың алдында қандай сұрақтар қойылды? қай кезде жауап беруім керек? Сұрақтардың бәрін бірдей қалай жинап аламын??? :o
Болатбекке сұрақ: 1)Егер журналист болмағанда басқа қандай мамандық иесі болар едіңіз? 2) Адам бойындағы ұнатпайтын қасиеттеріңіз? 3) Неден қорқасыз?
Алматының аппақ қызына сұрақ: 1) Ең сүйіп жейтін тағамың? 2) Егер болашақ жарың ауылдық жерден болса, ауылға барып тұруға, ауыл тіршілігіне араласуға келісер ме едің? 3) Егер есім таңдау мүмкіндігі болса, өзіңе қандай ат таңдап алар едің?
сұрақ қою қашан бітеді
сұрақ қою қашан бітеді

Осы аптаның соңында
сұрақ қойыңдар енді айтып айтып тастайын беттеріңе)))) :P