Массагеттің сырлы сұхбат алаңы
Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады
Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.
Ал Қазына тәтемді күнде көріп жүрмін ғой. Қояр сұрағым: Қашан ерте жатасың? Және қашан ерте тұрасың? (Жұмысқа кешіге береді бұл қыз )
1. сіз үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін секілдісіз, ашуланған сәтте қандай күйде боласыз?
2. анаңызға берген ерекше сыйлығыңыз?
3. журналистикаға қалай келдіңіз?
1. Өмірде кімді пір тұтасың?
2. Болашағыңызда арманыңыз қандай?
Қазына апайға сұрақ:Суретеріңізге қарасам киім кию үлгіңіз тамаша. Әлдекімнен кеңес аласыз ба? Әлде бұл өз талғамыңыз ба?
Ал, Қазынаға деген сұрақтарды жаудыруды жалғастырайық достар!
Менің сұрағым: өкініш деген не? Жиі өкінесіз бе?
"Сырлы сұхбат алаңының" келесі қонағын "үшеуміз" бірауыздан таңдадық: мен, өзім, жалғыз! (с). ))) басқа ұйымдастырушылармен ақылдаспадым, маған ренжімесін! Ниет ізгі... )
Сонымен, келесі қонақ - Массагетке тіркелгеніне бүгін, 19-наурыз, тура бір жыл болып отырған - Жанат Ахметов! Жакоға сұрақтарың болса нете беріңдер енді )))
менің сұрағым: 1) адам бойынан ең ұнамайтын қасиет/мінез? 2) Сіз қырсықсыз ба? 3) осы сіз қандай оқушы болдыңыз? 4) байлық дегенді қалай түсінесіз? Байсыз ба?
Ол сұраққа мен жауап берейін. Ол күле салады. Тікелей эфир ме, әлде жоқ па, аса мағызды емес))))
"Ер-азаматты сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала" деген бар. Ал қыз баланы (оның ішінде бейтаныс, өмірде мүлдем көрмеген жанды) сіздің ойыңызша қалай бағалау керек?!