Массагеттің сырлы сұхбат алаңы
Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады
Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.
ол жақта әзірге келмеді ешқандай хат. Сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар, ертең Анардан жауап күтеміз)))
Мүмкін болса, кезекті сұрақ қойышыны анықтайык та!
Эльвираға сұрақ: Ақылсыздық пен ақымақтыққа мысал келтірші. Өз ойыңша, не істесе ақымақтық, не істесе ақылдылықтың белгісі?
Айгүл апай өмірде неге қол жеткізе алмай қалдыңыз. Және әттең-ай деп, өкінген кезігін болса, айтып беріңіз.
Айқаракөзге қояр сұрағым: Өмірден баз кешіп, түңіліп кететін кездеріңіз бола ма? Егер болса, сондай сәттерде сізге дем беретін не нәрсе?
Элвира ханымға сұрақ; Қазақ жастарында қандай мәселелер бар? Сіздің қолыңызға билік бар, сіз үлкен қызметтегі адамсыз деп елестетіңіз: жастардың қай мәселесіне бірінші қол созып, қалай шешер едіңіз?
Алшын Матайға: Проза жазу үшін алдымен неден бастаған жөн?
Алшын Матай: Өміріңізде болған ең үлкен қорқыныш?