Массагеттің сырлы сұхбат алаңы
Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады
Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.
"Сырлы сұхбат алаңының" келесі қонағын "үшеуміз" бірауыздан таңдадық: мен, өзім, жалғыз! (с). ))) басқа ұйымдастырушылармен ақылдаспадым, маған ренжімесін! Ниет ізгі... )
Сонымен, келесі қонақ - Массагетке тіркелгеніне бүгін, 19-наурыз, тура бір жыл болып отырған - Жанат Ахметов! Жакоға сұрақтарың болса нете беріңдер енді )))
менің сұрағым: 1) адам бойынан ең ұнамайтын қасиет/мінез? 2) Сіз қырсықсыз ба? 3) осы сіз қандай оқушы болдыңыз? 4) байлық дегенді қалай түсінесіз? Байсыз ба?
Осы "Сырлы сұхбат алаңы" ерекше ұнайтын еді маған, (әліде ұнайды ғой) тек орта жолға келгенде тоқтап қалмаса екен деймін (эстафеталар құсап))) Бека деген қолданушы өзі сұранған екен сұрақтарға, демек жауапкершілігін де сезінуі керек еді ғой. Өкінішті. Келесі кезек, Жанат ағаның өзі ғана жауап бере ме сұрақтарға? Әлде екінші адам бар ма?
(екі емес, бір адамды ғана айтуымның бір себебі бар, келесіден бастап бәрі орнына келеді)
Тілектестігіңе рақмет, Айеке!
(екі емес, бір адамды ғана айтуымның бір себебі бар, келесіден бастап бәрі орнына келеді)
Тілектестігіңе рақмет, Айеке!
Иә,иә, менікі тек тілектестік қой
(Қазынаның жауаптары жақын арада жарияланатын болады)