Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Сұрақты қайда қоямыз? Сұрақ қоюшы құпия сақтала ма?
"Көркем" Сұрақты қайда қоямыз? Сұрақ қоюшы құпия сақтала ма?

осы жерде қоя бересіз! Ал егер құпия түрде сұрақ жолдағысы келетіндер болса маған (жеке хабарламамен) жолдай беріңдер, немесе Жанатқа! Шантаж жасамамаймыз "атыңды айтып берем" деп...
Сұрақты қайда қоямыз? Сұрақ қоюшы құпия сақтала ма?


Көркем маған агентке жіберуіңе болады)
Сәния Қуанқызына сұрақ: "Махаббатты қалай бағалайсыз? Қолыңыздағы алтынның қадірі қандай?"
Сәния Қуанқызына сұрақ: "Сіз үшін отбасындағы әйел адамның рөлі қандай? Қалай елестетесіз?"
Сәния Қуанқызына сұрақ: "Тағы неше жыл оқисыз өзі?"
Сәния' ғашық адамыңыз бар ма?
Санияға сұрақ, жұмыстарыңыздың бәрін бітіруге уақытты жеткізесізбе, яғни 16 сағатта көп жұмыстарды аяқтайсызба?
Сәния мен Ли О Маға сұрақ қою аяқталды. Келесі сұраққа жауап берушілерді жақында жазамын.
Еркебұлан Қайраханға сұрақ, адамның бойындағы қандай қасиетті 1-ші орынға қоясыз?