"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Түн-түнекте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Түн-түнекте"

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға IV томдағы "Түн-түнекте" тарауын ұсынамыз.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қайтқанда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Қат-қабатта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Жолда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Шытырманда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Өрде"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том,  "Жайлауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, "Еңісте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Оқапта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Асуда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Абай аға"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Кек жолында"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қарашығын"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қақтығыста"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қоршауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Түн-түнекте"

Түн-түнекте

Бұл тарау Абайлардың Семейдегі Дәмежанның үйіне түнделетіп келуімен басталады. Оның бұл келісіне себеп болған Әбіштің жайы еді. Биыл Әбіш Петербордағы оқуын бітіріп, аз күнге отпуск алып елге қайтқан. Енді қызмет бабымен Алматыға жүрмекші. Ол жақында өзінің қалыңдығы Мағрипаға үйленген. Абай баласын жөнелту үшін қалаға мал айдатқан болатын. Соның жолына ақша-пұл әзірлеу керек.

Бұл қаланы жұқпалы оба дерті жайлаған кез еді. Оны Абайлар да, қырдағы ел де білмейтін. Таңертең шай үстінде Абайлардан бөлек үйде қонған үш қонақ осы дерт жайын айтады. Бұлар қыр қазақтары – Мақа, Жұман, Жұманның ұлы Мұхаметжан болатын. Олар қалада жаман іш ауру тарағанын, ел шыбындай қырылып жатқанын жеткізіп, Абайға есіміз барда елімізді табайық деп ұсыныс білдіреді. Абай болса «елден жаным артық емес» деп оларды жақтырмай қалады. Осы кезде  кеңеске араласқан Дәмежан қарсы пікір айтады. Ол қалада шынында да ауру бар екенін, бірақ халық қынадай қырылып жатпағанын, бірлі-жарым кедей-кепшік қаза болғанын әңгімелеп береді.

Абайдың қалаға келген шаруасы тығыз болғандықтан мән-жайды анықтау үшін орысша хат жазып, Баймағамбетті Федор Иванович Павловқа жібереді. Осы кезде Жұмандар да базарда шаруалары барын айтып кетіп қалады. Оңаша қалғасын Абай Дәмежан мен оның күйеуі Жәбікеннен аурудың жайын тағы сұрайды. Олардың сөзінен ұққаны бұл дерттен әзірге кедейлер мен балалар қайтыс болып жатыр екен. Ауру байларға әлі соқтықпапты.

Көп уақыт өтпей Баймағамбет Павловты ертіп келеді. Абай бейне бір жақын туысын көргендей мол денесімен шапшаң көтеріліп Павловпен құшақтасып амандасады. Ол орыс досына күлімсірей қарап: «Сіздің жарыңыз доктор ғой. Қаладағы мына науқас жайлы не айтып жатыр. Маған бұл нәрсе мүлде қараңғы. Санама сәуле түсіріңізші?» дейді өзі оқыған кітаптардағы кейіпкерлердей сөйлеп. Федор Иванович әуелі жұқпалы дерттің тарихын баяндайды. Қазір бұл ауру Россиядағы елу-алпыс губернияға жайылыпты. Артынша қазақ жайына көшіп, қазақтар өлім жітімге көп жиналатынын, бұдан былай оны азайтып, қазаға молда, ишандарды шақырмау керек екенін айтады.

Содан кейін Абайға ендігі сөзімді мұқият тыңдап алыңыз дегендей өтініп: «Ибрагим Кунанбаевич! Саша екеуміздің сізге айтар бұйрығымыз бар. Ауру қазір кедейлер арасында тез таралып жатыр. Сіз мына үйде жатпаңыз. Бұл үй ішер суын өзеннен алады. Өзен суы ауру таратушының көзі. Жаңағы айтқан сөзімді ел ішіне насихаттаңыз. Бұдан былай қазаға көп адам жиналмасын» деп тоқтайды. Аз әңгімеден соң Абай Павловпен қош айтысып, Дәмежанға да алғысын білдіріп, қаладағы ұдайы пәтер етіп жүретін Құмаштікіне көшеді.

Құмаштың пәтерінде Абай Баймағамбет арқылы қаладағы білгір молда Сармолланы шақыртып алады. Оған күндізгі обадан өлген адамдарды санамалай отырып: «Бұдан былай қаладағы өлім-жітімге халық көп бармасын, мешітте сіз осы айтқандарымды уағыз ретінде халыққа жеткізіңіз, шәкірттеріңіз ел ішіне сіздің өсиетіңізді таратсын» деп тапсырады. Сармолла Абайдың сөзін құп алып, қаладағы өлім кезінде қари, халфе, мәзіндер қатты байып жатқанын баяндап, кейбір өш қари, халфелерді жамандайды. Абайға қарап: «Сіздің айтқандарыңызды ел арасына насихаттайтын болсам, осы қаладағы жаназадан қалмайтын Шәрібжан халфе, Самат қари, Самұрат мәзін бұл сөзге қарсы шығады» дейді. Сармолла әр сөзінде молдаларды жамандай бергесін Абай тіксініп қап, оны тыйып тастайды. Молда әлденеге қысылғандай, асыға шыға жөнеледі.

Сармолланың ишан-халфелерге соншалықты өштігінің өз сыры бар еді. Ол да осы қаладағы дін адамдарынан бір кем емес білімі бар, Бұхари шарифте, Қазанда оқыған. Бірақ соған қарамай қазірет мұны ешқандай мешітке бас имам етіп тағайындамай, тіпті зекет-садақадан құр қалдырып келетін. Оның арманы қаладағы молдаларға естен кетпестей соққы жасау болатын.

Абаймен сөйлескен күннің ертеңіне Сармолла жұма намазына барады. Мешітке адам сыймай, көп қауым ауланың ішінде намаз оқып жатыр екен. Намаздан соң қазірет мінберге шығып хұтпа оқиды. Осы кезде мінбер маңында күтпеген оқыс бір хал туды. Жаңа қазірет түскен мінберге енді жылдам басып Сармолла шығып, Абай айтқан жайларды зор ашық дауыспен айта бастайды. Ол: «Халайық, бұл обадан сақтанумен ғана құтыламыз. Сақтану үшін не ғилаж? Кісі қаза болған үйге адам аз жиналсын. Жаназа, хәтімге молда, мәзіндер шақырылмасын. Көп моллалар осы оба ауруын ықтиярсыз таратушылар. Олардың махалла халқына жаны ашысын. Инсаф ойласын! Қазақ қауымына осы сөзді Абай да айтады» деп тоқтайды.

Мұның сөзін естіген Самұрат, Шәрібжандар: «Астағфиралла! Күпірлік сөйлемеңіз дамолла!» деп қарсы дау айтып кетеді. Ал намазға келушілер Сармолла сөзін құптайды. Енді қазірет құтпанның артынан мынадай дау туып кеткенін қатты қысылады. Ол Шәрібжан, Соқыр қари, Самұрат мәзіндердің қоршауында мешіттен шығады. Молдалар кетіп бара жатып Сармоллаға қарата: «Залым! Бәдбахт. Кәззәпсің!» деп кетеді. Сонда Сармолла қазіретке қарата: «Тоқтат харақат сөздерді. Әйтпесе, махалла халқын жинап, кім залым, бәдбахт екенін қазір анықтаймын. Мына қазаны шығарған кім?! Оған осы мешіттің астындағы үш табыт куә! Тірі адамдар куә. «Жаназа, садақа болмады, тойымсыз қалтам толмады» деп табыт қаққан кісілер бар. Кімдер олар?! Оны меннен бөлек бес адам көрген. Тілейсіз бе, қазір сол масқараны әшкерелейін?! Сырларын фаш етейін бе?!» деп даусын зорайтып тоқтайды. Оның «табыт қағу» деп отырғаны мұсылмандар арасында сұмдық саналатын. Мәнісі ақша, пайда табу үшін молдалар табыт қағып, өлім тілеу болатын. Сармолла осыны меңзеген еді. 

Бұл сөзге құп-қу боп кеткен қазірет ештеңе айта алмай, сақалы дірілдеп тайқи берді. Қасындағы мәзін, қари, халфелер де өтірік сұрқияланып, жағасын ұстап «астағфриалла...сүбханалла» деп түк айта алмай жым болысты.

Ертеңіне қаладағы көрнекті бай Жақып дүкеншінің әкесі обадан қайтады. Жұрт не айтса да Жақып әкесін бұрынғы дағды бойынша жөнелтпек болады. Палау пісіріп, ет астырады. Түгелімен айналадағы жұртты, екі мешіттің имам, қари, халфелерін шақырады. Бірақ үйге молдалардан бөлек жан баласы келмейді. Жақыптың мол тамақ салынған үйіндегі бөлмелері қаңырап бос қалады. Имамдар жұрт келеді деп екі сағат күтеді. Келмегесін амалсыздан өлікті зиратқа апарып көмеді.

Осы оқиғадан соң Жақып бай мен оның сыбайластары киізші Сейсеке, қасапшы Қасендер «Сармолла жұртты адастырып жүр» деп іштерінен бір қастық ойластыра бастайды.

Арада екі жұма өтіп, Құмаштің үйіндегі Абайға қырдан Әбіш пен Мағрипа келді. Абай баласымен көп кеңес құрды. Ол қаладағы Данияр дейтін оқыған қазақтың үйіне тоқтапты. Кетерінде Абай Әбішке келіні Мағрипаны енді қаланың үлгісіне лайықтап киіндіруді тапсырды. Әкенің бұл сөзіне Әбіш риза болып, бас шұлғи берді.

Абай қалаға келгелі көп үйдің қазасын көріп мұң ойлап қалған еді. Ұлы мен келінінің келуі сол бір мұңды сейілтіп кеткен. Әбіш кеткесін сол уайымына қайта түсті. Оның үстіне Құмаш келіп: «Сармолланы бар молла мен саудагерлер жек көріп қалған көрінеді. Соншалықты өшіккен, арты немен тынарын білмеймін» деп айтып кеткен. Енді осы жайларды ақылдаспаққа Павловтың үйіне барып, оның дәрігер әйелінен: «Жұрт қазаға жиналуын сап тыйды. Бірақ ауру сонда да тоқтамай өрши берді. Себебі неде?» деп сұрайды. Александра Яковлевна ол келгенде ауру жаңадан таралғанын, сол кезде жұқтырғандар енді үйлеріне таратып жатқанын, август айының салқындауына қарай екі жұмада ауру басылатынын айтады. Сонымен бірге Абайға «қазақ халқының арасына аурудан сақтануды айту керек» деп қатты тапсырады. Абай қаладағы Ертістің ар жағы мен бер жағындағы халыққа дәрігердің айтқанын жеткізуді өзіне серт етеді.

Келесі күні сәскеде сол сертін орындау үшін Ертістің арғы жағасындағы қалаға бармақ боп, өзенге келіп, желқайыққа мінеді. Қайықтың иесі Сейіл екен. Ол бұрыннан Абайды құрметтеуші еді. Қайықшы Абайға обадан екі баласы қайтыс болғанын, бір баласы әупірімдеп аман қалғанын айтады. Абай болса енді ауырған баласы қайталамайтынын сөз етіп, тағы екі жұмадан кейін дерт басылатынын түсіндіреді. Осы кезде қайық жағаға шығып қалған еді. Абайға оңашада айтып қалайын деген сөзін Сейіл еңкейе тұрып баян етті: «Өзіңіз білесіз, бәріміздің көңіліміз Сармоллаға көбірек иланады. Жауларымен қатты айтысқан шағында ол «осы сөзімді халық айтады, әсіресе халыққа қамқор Абай айтады» деген екен. Естуімізше, Сармолла халыққа өсиет айтудан бұрын сізбен кеңесіпті. Оның айтқандары сізден тарағанын осындағы түгел жатақ біледі» дейді. Абай Сейіл сөзіне аса риза болып аттанады.

Артынша жаяулатып Әбіштің пәтеріне келеді. Ол келгенде Әбіш-Даниярлар қалжың әңгіме айтып күліп отырған болатын. Даниярды он екі-он үш жыл бұрын қаладағы орыс оқуына интернатқа бергізген Абай еді. Бұл күнде ол кішілеу чиновник дәрежесіне ілініп, едәуір жалақы алып, байлардың қатарына қосылған. Сондықтан Данияр Абайды қатты сыйлайтын. Әбішке де жылы шырай танытып, бейілмен күтетін.

Абай Әбішке жаңа қайық үстінде естіген жайларды айтуға кірісті. Сармолла жайын да ұмыт қалдырған жоқ. Бер жақтағы мен ар жақтағы дүмше молдалар бірігіп, қараңғы қастық жолына бастап бара жатқанын баяндаған. Әбіш әкесінің налып тоқтаған сөзіне уайым етті. Сондықтан: «Аға, сіз айтпаған сөз қалаға бәрібір атыңыздан жетіп жатыр екен. Бәрі білсін. Бер жақтағы мен ар жақтағы қала қазағына барып өз ойыңызды айтыңыз. Қажет болса Сармолланы да ақтап сөйлеңіз. Дәл осыны сіздей жандардан халық тоса ма деп ойлаймын» дейді. Абай Баймағамбетті ертіп қала базарына тартады.

Олар базарды аралап көп жүрді. Бұл жердегі адамдарға тоқтап, кімге ораларын, кімге арнап сөз айтар амалын таппады. Ат базарына жаяулатып барған еді ол жердегі үш саудагер Абайды танып сәлем берісті. Кейін олардың оба жайын сұрауы сөйлеуіне жетекші болды. Абай Александра Яковлевнаның өсиет сөздерін айналадағыларға бұлжытпай өзінің қоңыр даусымен ұғымды жеткізді, әр сөзінде Сармолланы ақтап: «Дұрыс ақыл. Қала халқы тыңдайтын достық өсиет» деп атап берді.

Осыдан кейін Абай қаладағы ар жақ пен бер жақтағы базарларға күнде баратын болды. Күніге қырық-елу кісіге өзінің қамқор сөздерін айтудан тартынған жоқ. Соның орайына «Сармолла айтты» деген сөз азайып, «аурудан сақтан» деген сөзді «Абай айтыпты» деген аңыз қала қазағына кең тарады. Бірақ Шәрібжан халфе, Самұрат мәзіндер «Абайды қыр қазағы, діннің адамы емес» деп, бір жағынан халық алдындағы атағынан сескеніп, онымен ұстаспай, Сармоллаға қас жаулығынан танбады. Өздеріне Отарбай, Қорабай сынды қаланың ірі байларын қосып алды.

Бұл күнде Сармолланың көңілі жайлы болатын. Ол істеймін дегенін істеді, айтамын дегенін айтты. Самұрат мәзін, Шәрібжан халфе, Соқыр қариларға ғана емес, өзін ілтифатсыз шеткері қалдырғаны үшін қаладағы бар молда ишандарды лайықты жазаға ұшыратты. Алайда қарсы жақ кек сақтап, кештің қараңғы ымыртында шаштараздан шығып, үйіне бара жатқан молланы өлтіруге адам жіберді. Ертеңіне жұма намазда саудагерлер айтқан суық хабар жетті.

Сол күні Самат халфе, Соқыр қарилар: «Сармолладай қасиетті дамолланы халық өлтіріпті. Обадай бәлекеттен құтылудың бір жолы құрбан екен. Шариғат хүкімі бұндай өлген адамды шаһит санайды. Өлтірушілерді айыпкер санамайды. Осыны барлығы түсінсін!» деген лақап таратты. Осыны айтқан бар молдалар жұма күнді сылтау етіп, Сармолланы қаза болған киімімен, жуылмаған жарасымен қоюға асықты.

Бұл адамдардың арпалысып, асығуының тағы бір себебі бар еді. Сармолланың қаза болғанын алдымен сабаққа келген шәкірттері білген. Шұбырып жылап көшеде келе жатқан оларға Сейіл сияқты жатақ кедейлері: «Сендер бос жылап қайғы шаққанды қойыңдар. Осында жүретін Метрей, Симон дейтін «охотшы» бар ғой. Соларға барып молдамызды өлтірді. Істеген қарақшыны тап деп айтыңдар!» деген. Балалардан суық хабарды естісімен екі полицейский Сармолланың үйіне келеді. Олар тездетіп дәрігер мен следовательді алғызады. Бағанағы мешіттің халфе, молдалары қарғадай шулап, асығып жүргендері полицей Смирновтың әрекетін естіген соң туған еді.

Осы оқиғадан соң Шәрібжан халфе, Соқыр қари, Самұрат мәзіндерден тыныштық кетті. Бірінің үйінің шатыры өртенеді, екіншісін белгісіз топ көшеде соққыға жығады. Онымен тынбай Симон мен Метрей оларды және саудагер Қорабайларды күн санап дознаниеге шақырады. Енді біраз күннен соң Самұрат мәзін каталашкаға жабылады. Бірақ Шәрібжан халфелер араға түсіп, Смирновқа мол пара беріп, оны шығарып алады. Осыдан соң қала полицейлері «бұл исләм дінінің закуні. Олардың шариғаты рұқсат еткен. Мынадай апат үстінде халық істеген әрекет» деп істі жабады.

Сармолланың қазасынан екі жұма өтіп, күн суытады. Енді қалада оба науқасы да саябырсиды. Осы жайды Абайлар өзінше заңды деп түсінсе, молдалар: «Сармолланы халықтың құрбан етуі шариғат хүкімі бойынша тауып істелген шешім. Халықтың басына келген апат Сармолла қанымен ұшықталды» деп лақап таратады. Абай бұл сөздерді естіп ашынады.

Арада уақыт өтіп, Абай Құмаш үйінде жатып жазуды әдетке айналдырды. Ел қайғысы мен зарын уайымдайтын. Сондай күндердің бірінде үш-төрт салт атты асығыс келеді. Абайға өңі қашқан Дәрмен кіріп келіп, бір тізерлеп отыра қалып: "Абай аға, тізгін ұшынан екі ауыз сөз айтайын. Артым қуғын, алдым өрт! Қасыңызға ергелі қасықтай бейнетімді тартқызбаспын деп едім. Амалым жоқ, жастықтың отымен тұтандым да түстім бір жалынға. Енді бәрін өзіңіз билеңіз. Алдыңызға жетіп өлдім!" деп тоқтайды. Абай оның жайын түсінді. Соңғы күндері Әбіш Дәрмен туралы бір сыр айтқан болатын. Дәрменнің қазір Абайға әкеп отырғаны сол еді...


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар