"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға IІІ томдағы "Өкініште" тарауын ұсынамыз.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қайтқанда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Қат-қабатта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Жолда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Шытырманда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Өрде"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том,  "Жайлауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, "Еңісте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Оқапта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Асуда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Абай аға"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Кек жолында"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қарашығын"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

Өкініште

Әбіш ата мұратын ақтап келе жатқан жас боп көрінеді. Абай: «Қараңғы қазақ сахарасына жарық сәуле әкелер алғашқы адал буын сен боларсың» деп баласына үмітпен қарайды. Бұл күні екеуі сахара тіршілігі мен тарихын сөз етуді әдетке айналдырған. «Сахарадағы тіршілік бейғам. Мұнда адам жалқау боп кетеді. Өзім де сондай боп бара жатырмын», - деген бала сөзіне күлген Абай қырдағы тіршіліктің қала тірлігінен басқаша һәм ауыр екенін, қалада еңбек сағатпен өлшенсе, даладағы еңбек күн қанша ұзақ болса сонша болатынын айтып, қырдағы тірлікке басқаша мән бере сөйлейді.

Осындай кеңестің бірінде Тарбағатайдың Наймандары Тобықтының ұрысы Мыңжасардан малын даулап келеді. Абай оларға билігін айтып, Мыңжасардан малын алып беруге Баймағамбетті жұмсайды. Қонақтар кеткеннен кейін Әбіш Ломброзо дейтін ғалымның "Қылмысты адам туа бітті жаманшылыққа бейім боп туады, оны қанша тәрбиелесе де істейтіні қылмыс болады" деген ойларын айтады. Абай басын шайқап: «Өзге түгіл жаңағы Мыңжасарды мына ғалымның жаласынан ақтаймын. Мыңжасар осы көп қазағыңнан ақылды, еңбексүйгіш жігіт. Сонау Тарбағатайдан түн қатып жүріп, жылқы барымталау оңай емес. Жоқшылықтың кесірінен көп адам Мыңжасар болып жүр. Ғылым атынан сөйлеген Ломброзаның осы айтқанына ашуланам» деп тоқтайды. Әбіш: «Бүгін Ломброза ең ауыр соққы алды. Оған қарсы шығып құлатқандар: қазақ ақыны – Ибрагим Құнанбаев пен қазақтың тынымсыз ұрысы – Мыңжасар» дегенде Абай еріксіз күліп, ұлына сүйсініп арқасынан қағады.

Әкесі Әбіштің еңбексіз отырғанын өзіне ауыр көріп жүргенін білгесін Дәрменмен ақылдасып, біраз сейіл құрып қайтуды маслихат етеді. Жастар «Қоңырәулиеге» жүріп кетеді. Топты бастап келе жатқан Ақылбай мен Көкбай. Арада екі сағат өтіп, олар аршалы тастақ белге шыққанда созыла қонған ауылды көреді. Әбіш: «Тоқтамай ілгері жүре береміз» деген еді. Оған басқа жігіттер көнбей ауылға тартады. Бұл — атақты ноғай байы Махмұттың ауылы еді. Мұнда өткенде Ділдә айтқан сұлу бойжеткен Мағрипа бар. Анығында бүгінгі жүрістің себепшісі Дәрмен «Қоңырәулиені» сылтау етіп Әбішті еліктіріп алып шыққан. Мағаш екеуі орайын тауып Әбішке Мағрипаны көрсетуді ойлаған. Сол есеппен ноғай ауылындағы әзілқой, ойыншы жігіт Өтегелдіге іс тапсырған. Бұлар келгенде Өтегелді де күтіп тұрған болатын. Ол Махмұттың інісі Мұсабайға Әбіштің ірі скрипкашы екенін ескертіп, жақындағы Шұбар аулынан скрипка алдыруды мәслихат еткен. Мұсабай өнерпаз болмаса да ойын-сауықты жақсы көретін, Өтегелді сияқты жігіттерді жанынан тастамай жолдас етіп жүретін бай болатын. Ол скрипка алдыруға Өтегелдінің інісі Баймұрынды жұмсайды.

Ымырт жабылып, ел орынға отырғанда Мұсабай үйінде ән-күй өнері басталады. Бұл уақытта Әбіш оң жақтағы  биік төсекке сүйеніп, скрипкада орыстың «Лесная сказка» сияқты вальстерін сызылтып тартып тұрған еді. Осы кезде үйге қыздар кіріп келеді. Олардың алдында ұзын бойлы, ақ-қызыл ажары айқын көрінген Мағрипа бар. Қыздар келгенде Әбіш тоқтап ерекше ілтипат көрсетеді. Мағрипаның сұлулығына, жүз нұрына сүйсінеді. Мағрипа да Әбіштен көзін алмай қарап қалыпты. Мұны байқаған Дәрмен: «Жігіт жақсы емес пе?» дейді. Со кезде бойжеткеннің жүзі ду қызарып, Дәрменге қабақ шыта қарайды.

Түні бойы отырған сауықшыл топ таң қылаң бере тарайды. Әбіш өзен жағалап сейіл құрады. Келе жатып Мағрипаны ойлайды. Оның қолаң шашы, ақ жүзі көз алдынан кетпей қойды. Осымен қатар Әбіштің ішінде бір алысу бар. Ол осы уақытқа дейін ешкімге айта алмаған сыры еді. Жиі ойлайтын қайғысы да сол. Петербургтағы үлкен доктор оның өкпесінде сырқат бар екенін, жастықтан тыйылмаса арты құрт ауруына айналатынын айтқан. Доктордан Әбіш үйлену жайын да сұраған. Себебі, Мағаш, Кәкітайлар әр хатында сол жөнінде жазатын. Ақылгөй доктор: «Өзіңізге де алатын жарыңызға да қатер» деп үйленуге маслихат бермеген. Осыны ойлаған Әбіштің көз алдына Мағрипаның уыздай сау жүзі елестеп: «Жоқ, мүмкін емес, үйлену бұйырылмаған» деп үйге қайтып кетті.

Ертеңіне кеш оянған жігіттер, түстік жеп, Қоңырәулиеге аттанды. Жолда олар тағы бір ауылға кезікті. Шөліркеп келе жатса да бұл ауылға тоқтамай айналып өте берді. Жастар тобы тоқтамаған – Оразбай аулы еді. Осы кезде Әбіштің сұрауы бойынша Мағаш ел ішіндегі тартысты айта  бастады. Ол Оразбайдың және оның айналасындағылардың Абайға қастық істеп жүргендігін ұзақ баяндады. Күнтулар басқа болысқа кеткенде Оразбайды жібермей алып қалған Құнанбай балаларына өшіккенін, ағайын арасына жік салуға жанын салып жүргенін, бұл жолда Тәкежан мен оның баласы Әзімбайды жанына серік еткісі келетінін, Оспанға болыс болғандықтан туралап тимей, бірақ ішінен қастық ойлайтынын айтты.

Артынша "Халық қамқоры болған Абайды көре алмайды. «Абай қазақты орыс еткелі жүр, ата жолынан аздырып жатыр» деп, бар бәлеқорды Абай ағама айдап салып отыр. Оған Тәкежанды өз жағына тартып алса, Абайды жығу оңай сияқты көрінеді. Осы жолда Әзімбайдың бесіктегі қызын өзінің бір немересіне айттырмақ. Соның қарғы бауына жүз қаралы ат береді екен» деп тоқтады.

Әбіш қабағын түйіп: «Оспан ағам бұл жөнінде қалай?» деп сұрады. Мағаш іркілместен: «Оспан ағам бірбеткей адам ғой. Тәкежан туысын сатып кете алмайды деп ойлайды. Абайға қарсы Оразбайды болыстығын пайдаланып күшпен басып ұстамақшы» деді.

Мағаш ойының қисыны бар еді. Шынында да соңғы кездері Оразбай басқа болыстарға көнбейтін. Талай заманнан бері Керей, Сыбан, Уақ, Қаракесектен жылқы барымталап, әбден байып алған. Оспан әділет сүйетін адам болғандықтан және өткенде айтқан Абайдың ақылы бойынша өзіне қараған болыстықтағы билерді шақыртып, мал даугерлерін алдыртып, Оразбай старшынына сияз құрмақ болады. Оспан келсе жеген малының талайын қайта құсатынын Оразбай жақсы біледі. Сондықтан болыс-билер мұның еліне келе бергенде «сияз бермеймін» деп қалаға қашып кетеді.

Мағаш Оспанның Оразбайды қуып қалаға кеткенін тағы баяндап берді. Егер Оспан бірдеңені бүлдірсе, арты үлкен дауға айналатынын Мағаштар жақсы біледі. Сондықтан ол Әбішке қарап: «Осының арты айналып келіп сіздің әкеңізге тиеді. Оразбайлар Оспан емес, оны істеткен Абай» деп жар салады. Міне, әкеңіздің көрген күні осылай» деп күрсініп алды. Әбіш інісінің әңгімесін зер сала тыңдап: «Сендер ағам үшін күресіңдер. Әділет сендер жақта» деп қалды. Осы уақытта күн батуға тақап, жүргіншілер «Қоңырәулиеге» де жақындады.

Еркежанның төркіні Байтас аулына қонған жігіттер ертеңіне сәскеде «Қоңырәулиеге» келді. Үңгір аузы тар болғандықтан Көкбай бастаған топ қараңғы үңгірге тізіліп кірді. Өздері дайындап алған шиге ораған білтелерін жақты. Жігіттер жұмбақ жартастарды аралап кеткенде Әбіштің қасына келген Дәрмен Мағрипаның жайын сұрады. Доктордың айтқаны көкейінде тұрған Әбіш: «Ол мүмкін емес. Қазір үйленбеймін. Оқуым бар. Оның басын байлап сарғайта алмаймын. Кешеден бері менен шешім күткен шығарсыңдар. Байлауым осы. Артық қажамаңдар» деп Дәрменді тыйып тастады. Әбіштің бұл сөзі Мағаш, Кәкітайларға да, әке-шешесіне де айтып тұрған жауабы еді.

Жастар «Қоңырәулиеден» келгесін мұнда үлкен әлек туғанын білді. Оразбай қалаға жай кетпей артына екі түрлі егес тастап кетіпті. Оның бірі Оспанға сияз берілмесін дегені болса, екіншісі арыз жинап Оспан үстінен оязға шағымдануға аттаныпты. Бұл жайын тіпті жасырмай айтып та кетіпті. Оспан Оразбай аулына жеткенде, тамам билердің көзінше Оразбайдың істеп кеткен қарсылығын көргенде қатты ашуланыпты. Күймеге үш ат жегіп, қасына сенімді жігіттері мен жарау ат қосып, бір күн бір түнде қалаға жетіпті.

Бұл кезде келгеніне үш күн болған Оразбай тілмаш, адвокаттар арқылы бар қағазын дайындап Казанцевке кіріп бара жатқан болатын. Казанцев кеңседе жоқ екен. Артынан қуып келген Оспан да кеңсеге кіреді. Ол келген жерден ашуын білдірмей Оразбаймен сыпайы амандасып, алдап сыртқа алып шығады. Кеңседен біраз ұзағасын: «Сақалыңды ұрайын төбет!» деп көтеріп әкеп күймеге лақтырып жібереді. Қарсылық   білдірген оны жуан жұдырығымен бір қойып талдырып, күйменің артына шандып байлап, ит қорлықпен ауылға әкелген екен.

Абай бұл хабарды естісімен Ербол мен Ақылбайды Оспанға жіберіп: «Мол бәлеге белшесінен батыпты. Осылай жазалағаны оғат болған. Енді босатып жіберсін» деген. Тәкежан болса аттан салып Оспан аулына жетіп келген. Келе сала айқайлап: «Бұл не сұмдық! Араздығым болса да аямас жаулығым ба еді! Оразбай қайда?» деп үйге кірген. Бұл кіргенде жаман тайтерінің үстінде теріс қарап бүк түсіп Оразбай жатыр екен. Тәкежан келе сала оған сусын алдырып берді. Жол бойы Баймағамбет қанша қымыз ұсынса да нәр тартпаған Оразбай Тәкежанның еріксіз жұтқызған қымызынан соң: «Ахиреттегі жауым Оспан мен Ыбырай. Аузыма су тамызғаның үшін сені жауымның басы демеймін. Бірақ, сенің де аңдысыңды аңдырмын» деп қайта жатып қалған. Оны Тәкежан жұбатып, қайта тұрғызып, өз атына мінгізіп аулына шығарып салады. Аз кеңестен соң Оспан ағасының анық Оразбайлар жағында екенін біліп қатты ашуланды да оны үйінен қуып шығады. Тәкежанды төсегінен шошытып тұрғызған өткендегі құдалық пен жүз жылқының жайы еді. Енді Оспанның мына дауынан соң жүз жылқы Тәкежан қолына тимейін деп тұр.

Осы күндерде Әбіш қалаға жүретін уақыт та жетеді. Дәл кетер шағында Далбай дейтін атшабар Абайға Казанцевтің шақырту повесткасын әкеледі. Шыңғыс болысындағы «недоймке» төлемеушілердің ісі ретінде жауапкер етіп шақырыпты. Абай қасына Дәрмен мен Баймағамбетті алып, Әбіштермен бірге Семейге жүріп кетеді.

Бұл күнде Оразбай Оспанның тепкісінен соң қалаға үйірімен жылқы айдатып, ояз жанындағы кеңселерге, тілмаштарға көп ақша берген. Ол Казанцевке барып Абай мен Оспан үстінен шағым түсірген. Ояз: «Абайдың нақты айыбын айт» дегенге Оразабай: «Тақсыр «недоймкенің», «қарашығының» жанжалына сол себепші, Абай кедейді құтыртып, әкімдерге қарсы тұрғызды. Қазір Абайға мен сияқты инабаттар, ақсақал-қарасақалдардың бәрі қарсы» деп Абайды қаралап Тәкежан, Жиреншелерді ақтап сөйлеген. Казанцев: «Сондай адамдар Абайға қарсы сөйлеп, кеңсеге келіп арызын айта ма?» дегенде, Оразбай мұны ояздың арыз болушыларды тілеп отырғаны деп ұғып: «Арыз жазып береді. Керек болса приговор да береді» деп тоқтады. Сөйтіп қаланың ұлығы мен даланың бұзығы Абайға қарсы іштей табысқандай боп айырылсты.

Казанцев әзір Абай ісін ұзақ қамдап, кеңінен құрастырмақ болды. Сол үшін Абайдың жауабын өзі алмай кеңседегі көмекшісіне тапсырған болатын. Абайдан ол қысқа ғана жауап алғызды. Көп дерек жиналғанша күте тұруды жөн көрді. Абай болса ұлыққа жауап беріп қайтқанда өзінің сыртынан қауіп бұлтының құрсап келе жатқанын аңдамай қайтқан еді.

Оспан ісінің әлегі Абайларға Әбіштің үйлену жайын сөйлетпеді. Мағаштардың жалғыз білгені Әбіш «үйленетін болсам Мағрипадан басқаны тең көрмеймін» деген өзгеше қымбат сөз ғана. Абайлар осы сертті өздеріне демеу көріп, үнсіз қалған...


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар