Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді - прокурор

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қызғаныштан өлтірген. Бұл туралы прокурор Айжан Аймағанова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрметті алқабилер, адамды бір нәрсе үшін өлтіру керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді. Тағы бір маңызды нәрсе - Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актінде Салтанат өлген уақыт екі түрлі келтірілгенін, Салтанат кешкі уақытта қайтыс болғанын айтады. Бұл олай емес. Егер айыптау актін дұрыстап қарасақ, Бишімбаев 9 қарашаға қараған түн ұра бастағаны жазылған. Оған куәгерлердің айғағы да дәлел", - дейді прокурор. 

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушылары сөз сөйледі. Сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде айыптау актісіне қарсы шығып, "егер айыпталушы Салтанатты өлтіргісі келсе, Нүкенованы қаладан әкетіп, өлтіріп, көміп тастайтын еді" немесе "киллер жалдайтын еді" деп мәлімдеді. 

Сонымен қатар 3 сәуірде Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тағы бір айыпталушы Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі. Байжановтың әйелі Салтанат Нүкенованың ата-анасы мен бауырларынан кешірім сұрады. 

Артынша сот жарыссөзінде әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев сөз алды.

"Болған оқиғаға кінәлімін... Қатты өкінемін, өте қатты өкінемін. Құдайдан күн сайын кешірім сұраймын. ...Мені бұл қайғыны сезінбейтін, жүрегі жоқ адам деп жатыр. Мені Салтанатты жамандады деп те айыптады. Бірақ мен өзім білетін шындықты айтуыма тура келді", - деді ол.

Сонымен қатар, Бишімбаев мұндай ауыр қайғыны өзі де түсінетінін айтты.

"Мен де бір кездері, жас күнімде қызымнан айырылдым. 23 жасымда екі жасар қызым ауырып қайтыс болды. Бұл қандай ауыр қайғы екенін түсінемін. Мұны салыстыруға келмейтіні түсінікті. Бірақ ешқашан біреуді қасақана өлтіргім келмеген", - деді ол.

Дегенмен Қуандық Бишімбаев бұған дейін бірнеше сот отырысында айтқан мәлімдемесін тағы да қайталады.

2 сәуірде өткен жарыссөздерде тараптар сөз сөйлей бастады. Ең алғашқы сөз кезегі мемлекеттік айыптаушыларға берілді. 

Прокурор Айжан Аймағанова "бұл іс - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы" екенін айтты. Сонымен қатар, прокурор Нүкенованың өліміне себеп болған қан ісігінің мөлшері қандай болғанын көрсетті. 

Одан бөлек, Айжан Аймағанова экс-министр Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов қулыққа басқанын айтты. 

Нүкенованың ағасы Салтанаттың ең үлкен арманы қандай болғанын айтты

Сонымен қатар, 2 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан бір нәрсені 175 рет сұрағаны белгілі болды. Бұл туралы Нүкенованың отбасының адвокаты айтты. 

Бишімбаев 20 минутта 175 рет "Айтшы, сен Райымбек Баталовпен болдың ба (төсек қатынасы)?" рет сұраған. 

"Бишімбаев сотына ресейліктердің ақырындап араласа бастауы жақсы емес" - сарапшы

Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 24 сәуірде өткен сот отырысында сот тергеуі аяқталғаны белгілі болды. Ендігі кезек сот жарыссөзінде. Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзі 29 сәуірде басталып, 30 сәуірде, сондай-ақ, 2, 3 және 4 мамырда жалғасады.

Еске салайық, 23 сәуірдегі сот отырысында Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді

Сонымен қатар, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарды. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды. 

Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді

Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.

17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Күлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады

Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.  

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады. 

Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйледі

10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты

Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?

Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді. 

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді. 

Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты

Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын. 

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!