"Мұны әйелі күйеуіне жазған ба?" Судья "Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хатына" таңғалды

"Мұны әйелі күйеуіне жазған ба?" Судья "Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хатына" таңғалды
Фото: instagram/_salta_n

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушының адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов хатты оқыды. 

"Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандықтың сенімін қалпына келтіруге, оған сенуге, қызғанбауға уәде беремін. Психологқа үнемі барып тұруға, өз-өзіммен, сеніммен жұмыс істеуге уәде беремін. Шынайы, тіл алғыш боламын және Қуандықты құрметтейтін боламын. Отбасының ошағын қорғайтын аяулы да қамқор жар боламын. Боғауыз сөз айтпаймын, жынданбаймын. Оның айтқанына сенетін боламын, оның маған тек жақсылық тілейтініне сенемін. Сүйікті Қуандығыма қамқор болуға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқып, рухани өсіп, Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын", - деп жазған ол. 

Судья Айжан Құлбаева мұндай хатқа таңғалып, адвокаттарға сұрақ қойды.

"Әйелі күйеуіне мұндай хат жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелдің күйеуіне осылай жазғанын алғаш рет көріп тұрмын", - деді Құлбаева.

Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысы: тікелей эфир

Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек