Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні жедел жәрдем шақырудың орнына хабарласқан көріпкел 1,5-2 жылдан бері Шымкентте тұратынын айтты. 

"Бизнеске қатысты сұрақтарға байланысты хабарласып тұратынмын. Оның медициналық білімі бар-жоғын білмеймін. Оған сенетінмін", - дейді Бишімбаев. 

Сонымен қатар, экс-министр қайғылы оқиға болған түні неліктен басқа қалада жүрген көріпкелге хабарласқанын түсіндірді. 

"Сіз (адвокат) Салтанат медициналық көмекке зәру болып жатқанда дейсіз. Менің түсінігімде ол (Салтанат) ұйықтап жатқан болатын. Мен оған (көріпкелге) сенгенмін деп айттым. Бетінде сол жағында көгеріп тұрған жер үлкейе бастады. Ол қайдан шыққанын сұрайын дедім. Көріпкел "бәрі дұрыс, кешке дейін ұйықтасын, шаршаған ғой" деді", - дейді Бишімбаев.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина