Сарапшы Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекен арқылы көрсетті

Сарапшы Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекен арқылы көрсетті
Фото: сот отырысынан

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тахир Халимназаровтың сөзінше, бұл жарақаттар Нүкенованың мәйітін сараптау нәтижесінде анықталды.

Яғни, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар анықтаған. Бұл жарақаттар сарапшының қорытындысында сипатталған. Мұны ешкім ойлап тапқан жоқ. 

Сарапшының сөзінше, мұның бәрі бас жарақаты болып саналады. Оған беті де, бас сүйегі де жатады. 

Көкпен боялғандар - көгерген жерлер, қызыл - жаралар. 

Сот медицинасында бұл жарақаттардың бәрі сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырылады.  

Тахир Халимназаровтың сөзінше, өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін қарастыру керек. Олардың әрқайсын бөлек қарастыруға болмайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина