Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алған - Бишімбаевтың адвокаттары

Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алған - Бишімбаевтың адвокаттары
Фото: сот отырысынан кадр

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенованың BAU мейрамханасында соққыға жығылған видеоны көрсетті.

Бишімбаевтың адвокаты Бишімбаев Салтанатты ұрып жібергеннен кейін Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылғанын айтады.   

Экс-министрдің қорғаушылары басқа медициналық сарапшылардан жауап алу туралы өтініш береді.

Судья Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады. 

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді. 

Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты

Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын. 

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина