Прокурор Аймағанова: "Бұл іс - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы"

Прокурор Аймағанова: "Бұл іс - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы"
Фото: соттан скрин

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот жарыссөздері өтіп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөз өсйлеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурор Бишімбаев ісі - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы екенін айтты. 

"Құрметті сот, құрметті алқабилер, құрметті процеске қатысушылар, біз үлкен жұмыс атқардық және қорытынды жасайтын уақыт келді. 

Қылмыс көптеген себептерге байланысты жұртшылықтың наразылығын тудырды ол алқабилер әділ шешім шығарады деп күтеді. Бұл іс - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жарқын мысалы. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушінің физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Бұл отбасында қорқыныш, бақылау және репрессия атмосферасын тудырады... Бишімбаев екі қылмыс жасады - Салтанатты азаптап, оны қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып отыр", - дейді прокурор Аймағанова. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина