Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Фото: Tengrinews

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сағат 9.30-да Байжановқа қоңырау шалып, бізді үйге апаруын өтіндім. Ол Салтанатты жалаңаш көрмеуі үшін екі көрпе әкелуін де сұрадым. Ол көрпе әкелді, мен оны көтеріп, үстіне жауып қойдым. Ол мойнын көтеріп, қолдарын, денесін қозғалтты. Байжанов кіргенде, ол орнынан тұрды, біз оны сүйреген жоқпыз, ол қорылдағанын қойды, оянғандай болды", - деді ол.

Бишімбаевтың сөзінше, ол кейін Байжановтан бөлмені жауып кетуін сұраған.

"Салтанатты жатқыздым, біз ұйықтап қалдық. Сағат 13.30-да ояндым, ол қасымда жатты, қорылдап жатты. Сол кезде бетінің сол жағында үлкен көгерген із бар екені мен мұрны іскені байқалды. Сол кезде уайымдадым. Мен таныс көріпкелге қоңырау шалдым. Ол маған "10 минуттан кейін қайта қоңырау шал" деді. Кейін "жай шаршаған" деді. Менің жүрегім тынышталды", - деді Бишімбаев.

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың өкілі Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкеноваға түні бойы ұйқы бермей, таңертең балгерге баруға мәжбүрлегенін айтқан еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова