"Ағасының айтқан сөзіне сеніп жүре берді". Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі

"Ағасының айтқан сөзіне сеніп жүре берді". Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі
Фото: соттан скрин

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тағы бір айыпталушы Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байжановтың әйелі Салтанат Нүкенованың ата-анасы мен бауырларынан кешірім сұрады. 

"Мен өзім қандай да жағдай болсын әйел затына қол көтеруге түбегейлі қарсымын. Адам өлтіру - өте қорқынышты көрініс. Бақытжанмен 2016 жылдан бастап заңды некедеміз. Үш баламыз бар - екі ұлымыз, кішкентай 7 айлық қызымыз бар.

Екі күн бұрын ұлымды балабақшадан алып келе жатқан кезде "анашым, әкем қайда? неге үйге келмей жүр? ол бізді жақсы көрмей ме?" деп сұрады. Мен не жауап берерімді білмедім. Ұлым әкесі қайда, не істеп жүргенін білмейді. Бақытжан қамауда отырғалы балаларын, ата-анасын уайымдап, мұндай жағдайға қалай түскенін түсінбей, қынжылып, уайымдап отыратын. Бақытжан екеуіміз бір-бірімізге дауыс көтеріп, ренжіскен емеспіз. Бірақ Бақытжан өте тәрбиелі, иманды, қамқоршы әрі өз жұмысына өте адал. Ол сол күні расымен Салтанаттың қиын жағдайда екенін өзі түсінбеді, ағасының айтқан сөзіне сеніп жүре берді", - дейді Байжановтың әйелі. 

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталған болатын: 432-бап "ауа ауыр қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "аса ауыр қылмысты хабарламау".

Прокурор Саяхат Нұрбековтың айтуынша, айыптаушы тарап Бақытжан Байжановқа қатысты қылмысты хабарламағаны туралы айыптан бас тартты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина