Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Фото: видеодан кадр

Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаевты ұстаған елордалық полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкері Бишімбаевқа қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты "осы жағдайға жеткізген өзі ме?" деген. Бұл реплика полицейдің жетонына түсіп қалған, осылайша 8 сәуірде сот талқылауы барысында көрсетілді.

"Осы дерек бойынша Астана қаласының Полиция департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Мән-жайы анықталады. Нәтижелері қосымша хабарланады", - деп жазылған ІІМ-нің Tengrinews.kz-ке жауабында.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха "полиция экс-министр Қуандық Бишібаевты ұстағанда заңды бұзған жоқ па?" деген сұраққа жауап берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова