"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға IV томдағы "Шайқаста" тарауын ұсынамыз.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қайтқанда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Қат-қабатта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Жолда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Шытырманда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. І том, "Бел-белесте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Өрде"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. I том, "Қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том,  "Жайлауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, "Еңісте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Оқапта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Асуда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Абай аға"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Кек жолында"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қарашығын"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Өкініште"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қақтығыста"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IІI том, "Қоршауда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Түн-түнекте"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Құз-қияда"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қастықта"

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Шайқаста"

Шайқаста

Көшбикеде Абай басына жасалған қастық көпке дейін жұрт аузынан кетпеді. Сол оқиғадан кейін Ырсай бастаған Ырғызбайдың бір топ кісісі Абайға келіп, «Қарағым, не бұйырасың, жауыңның қолында өлгелі келдік?! Шап десең, Шабамыз!» деп тілек білдірді. Абай болса туыстарының сөзін үнсіз тыңдап: «Қапқан иттен өш алам деп, мен де қапсам, аузымда не қасиет қалады!» деп қысқа қайырды. Оразбай болса доңайбатты естіп қорықты. Әзімбайға кісі салдырып, болған жайды біліп отырды. Бұл жаманат іс – Керей, Найман, Уақ, арысы Жетісудағы елге де тарады. Ондағы Абай сөзін естіп жүретін халық, Оразбайға тіс қайраумен болды. Абай бұл істі жылы жауып қоя салғанымен Оразбай жазасыз қалмады. Оның кегін халық алды. Оқиға былай басталған еді...

Биыл қыс аяғында балуан грузчик Сейіт сүзекпен ауырған. Ауыр жұмысқа жарамайтын болғасын достары оған жазда елге шығып, қымыз ішуді ақыл еткен. Сонымен, Сейіт Тоғалақтағы еліне келген. Достарын аралап жүріп, бір күні ол Оразбай ауылына көрші қонған ауылға қонақ боп барады. Екі күн бойы ән салып, сауық құрады. Соңғы күні Айса дейтін досының үйіне келіп думан құрғанда әнімен бірге балуандық өнерін де көрсетеді. Осындай күндердің бірінде ауылдағы құдыққа түйе түсіп кетіп, жұрт әбігер болады. Бұл құдық Оразбай байдікі екен. Қиқым маңайдағы бар жігітті жиғызып, түйені шығару қамына кіріседі. Оған Айса мен Сейіт те барады. Түйені шығарып болғасын, жиналған жұрт Сейітке ән айт деп қолқа салады.

Сейіт іркілмей Абайдың «Алыстан сермебін» шырқап кеткен. Осы кезде жиынға Оразбай келеді. Ол Сейітке: «Сен менің аулыма кімнің сөзін әкеліп жүрсің?!» деп зілдене сөйлейді. Сейіт әуелі түсінбей қалып, соңынан: «Абай өлеңдерін айтасыз ба? Оны мен қыр түгілі қалада да көп айтам. Қайт дейсіз, байеке?» деген. Оразбай жақтырмай: «Онда тағы да айтшы?» дейді. Сейіт іркілместен Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» деген өлеңін қара сөзбен айта жөнеледі.

«Мал жияды мақтанып білдірмекке,
Көзге шұқып малменен күйдірмекке» - дей бергенде «Тоқтат!» деп бай ақырып қалады. Содан соң Сейітке қарап: «Сен өзің қаңғып жүрген немесің, ауылға менің жауымның, елді бүлдіретін арамның сөзін әкелдің. Сол үшін сені жазаға бұйырамын!» дейді. Сейіт сескенбей: «Қаңғысам, сенің алдыңа келгенім жоқ. Жоқ, ақсақал, сіз айтқандай Абай ел бүлігі емес. Біз айтсақ сендейлерді Абайдан садаға кет! дейміз» - деп Айсаға иек қағып жүріп кетеді.

Оразбай әмірімен Қиқым бастаған екі-үш жігіт өре түрегелгенімен, олар Сейіттің айбатынан жасқанып, жақындай алмай, тайқи береді.

Осыдан әрі Сейіт Айсаның үйіне жетіп атын ұстағанша Оразбайдың жиырма-отыз жігіті келіп, Айсаны соққыға жығып, мұны байлап алып кетеді. Жендеттері Сейітті әкеле бергенде Оразбай оны тірідей көмуге бұйырады. Тек, өлмес үшін басын топырақтан шығарып қояды. Оразбайдың бұл ісі бұрыннан ойластырылған іс еді. Ол Сейіттің Мәкен дауы кезінде атақты Дондағұлды ұрып, Қорабайдың күрек тістерін сындырғанын естіген болатын. Содан бері оған қастық ойлап жүретін. Түсте көмілген Сейіт қас-қарайғанша жатты. Ешкім одан хабар алмады. Тек түнделетіп келген Айсаны ауылдың кәрі күзетшісі Сейітке ертіп апарды. Екеулеп қазып алды. Біраз үнсіз жатқан ол, су ішіп әлденіп, Тоғалақтағы аулына қарай жүріп кетті.

Сақ-Тоғалақта айт күніне арналып жиын өтіп жатыр екен. Жиналған қауымға қасына Жомарт, Омар дейтін достарын алып Сейіт те келді. Осы топқа қатты дауыстап кеше түнде болған істі Жомарт баяндап шықты. Омар да шапшаң Жомарт сөзін іліп әкетіп: «Елмісің, жоқ ез қормысың?! Асты ғой мынау. Тұяқ серіппей осылай кеткеніміз бе?!» деді. Мұнда Базаралы мен Әбді де бар еді. Жомарт Базаралыны танитын, сондықтан оған қарап: «Тым болмаса сен айтшы, нағашы?» деп қалды. Жиналған жұрт енді Базаралының аузына қарады. Базаралы қатты сөйлеп кетті: «Уай, ер жігіттер. Нағашың қазір ұмтылғанымен, аурудан құр сүлдесі қалып өкініп тұр. Бұндайда менің қолымнан не келетінін білетін едіңдер ғой. Оразбайдың асып жүргені алдындағы малы. Қаптау керек қалың ел. Ықпағанын көрейін. Оның тізесі осы тұрған қайсыңа батпады?! Айтшы қане?! Ердің өшін алу керек... Абайдың өшін алу керек!» деп бұйыра айқайлап жіберді.

Осыдан соң жиыны бес жүздей қол «Қапта! Ал Абайдың өшін! Кімнің көз жасы жоқ еді! Оразбай аулы қайдасың?!» деп шауып кетті. Қалың азамат Оразбай аулын тас-талқан етті. Үш мың жылқысын айдап әкетті. Байдың өзін тоқалы көрпе-жастықты үстіне үйіп, жасырып қалды. Міне, Көшбикеде Абай басына жасалған қастықтан соң, жылдан аса мезгіл өткенде әдейі арнап, серт, уәде айтыспаса да, сол Абай үшін жаны күйген жұрт атаулы Оразбайдай жауыздан осылайша өзінің кегін алды.

Арада біраз күн өтті. Бүгін түс ауа жатақ аулына жұмыспен барған Дәрменге Базаралы Сақ-Тоғалақта Оразбайды қалай жазалағанын дастан етіп айтып берді. Қайтып келгесін ол Абайларға сол жайды сүйсіне түсіп ырзалықпен жеткізді. Абай оны сабырмен тыңдады да, қатты ойланып қалды. Күн еңкейе бергенде ұзақ аяңдап, оңаша сейілдеп кетті. Ымырт жабыла үйге келе сала «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деген өлеңін жазды. Содан соң көңілі жадырап сала берді. Осы шақта үйге қаладан Кішкене молла келді. Ол Мағаш пен Кәкітайдан хат әкепті. Хатта  Павловтың ерекше сәлемдемесі бар екен. Осыдан соң көп өтпей қасына Баймағамбетті алып Абай Семейге жүріп кетті.

Мағаш пен Кәкітайдың Абайды шақыртуының себебі болатын. Бірнеше күннен бері Семейде орта жүздің игі жақсылары басын қосып сөз жүргізеді екен. Оған Мағаш пен Кәкітайды да шақырған. Жиындағы жұрттың ниеті — Абай алдына Оразбайдың қол-аяғын байлап алып келу. Осыны алдымен олар Абайдың үміт етер баласы деп Мағашқа білдіріп отырған жайы бар. Мағаш көптің сөзін тыңдап салқын ғана: "Ниеттеріңізді естідік. Бұл сөздің түп иесі не дегенін сіздерге жеткізу, біздің бүгінгі жиыннан мойнымызға ала кететін қарызымыз болсын" деп қысқа қайырып жүре берген.

Абай қалаға келгесін бар мән-жайды Мағаштардан есітті. Жауап берген жоқ. Оның орайына Павловтай досымен кездесуге асығып кетіп қалды. Екі дос былтырғы ауыр оқиғадан соң кездеспеген еді. Сондықтан оңаша ұзақ сырласты. Павлов Абайдың әндері мен өлеңдері қала жұртына қатты сіңгенін, өлеңі қалың елге қандай қадірлі екенін баяндап берді. Досымен қоштасарда Абай оған осы жолы қалада ұзақ тұрақтап, өзімен жиі көрісіп тұратынын уәде етті. Және Павлов мәслихаты бойынша қаладағы еңбек адамдарының топтарымен етене танысып, осында оқып жүрген қазақтың әр школдағы, медреседегі жастарымен де біліспек.

Келесі күні Мағаш айтқан істің кезегі жетті. Абайға сәлем береміз деп Керей, Уақ, Найман, Сыбан келіпті. Алғашқы сөзді  Бегеш бастады. Ол шешендігімен ұзақтан орап әкеліп: «білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы. Халық ұстазынан айрылса не таппақ?! Абайдай жақсысынан ауса не болмақ? Сабындай бұзылып, сағымдай құбылып, іріп шірімей ме?» деп тыңдаушыларына өтімді сөз айтқан. Абай Бегештің шешендігін бағалап: «Бегеш-ай, сөздерің дұрыс. Бірақ қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дейсің?!» деп келген жұртты аңыратып, тоқтатты. Осылай ол бұл іске бейілі жоқ екенін аңғартты. Абаймен кездесуден кейін Орта жүздің жуандары өз бетімен әрекет етуге кірісті. Бұл іске Абай араласқан да, сөздерін естіген де жоқ.

Бұдан кейін Абай Павловқа берген уәдесі бойынша еңбекші халықтың жайымен танысуға көп көңіл бөлді. Алдымен Дәмежан, қайықшы Сейілдердің шаңырағында қонақта болды. Кейін қаланың ұсақ байлары – Есберген, Кәріпжан, Төлепбергендердің үйінен дәм татты. Школда оқып жатқан балалармен кездесуді де ұмытпады. Бір күні оларды пәтеріне алғызды. Оқушылар арасында Дәркембайдың Рахымы, Иіс кемпірдің немерелері – Асан мен Үсен, Сейіт пен Әбеннің балалары бар еді. Кездесуден кейін Абай Крыловтың «Есек пен бұлбұл» атты мысалын қазақшаға аударып шықты. Осы түннен бастап ол Асан-Үсен, Рахымдар жаттарлық талай мысалды аударумен жүрді.

Арада біраз жыл өтті. Бұл жолы Абай қыс ортасында қалаға өзгеше шақыртумен келді. Онысын Құмашқа қысқа ғана білдіріп: «Білмеймін Құмаш, сен қалада жүріп осы жайдан хабардар боларсың. Дін мұсылман баласының байласатын сөзі бар көрінеді. Сол үшін әр тараптан қалаға кісі шаптырыпты. Маған да сол хабар жеткен еді», - деген. Құмаш тегінде ақылды, момын жігіт болатын. Бір істің байыбына жетіп алмай ол туралы сөйлемейтін. Сол момындығына салып қазір де «осындай сөз жұрттың аузында жүр, менің естігенім де сіз білетін жайлар» дегеннен басқа ештеңе айтпады. Ертеңіне таңғы шай кезінде Абайға екі кісі келді. Оның біреуі бұрын Абай қасында жүріп, әнші-ақын атанған Көкбай болса, екіншісі сол Көкбайдың шәкірті Әлпейім. Көкбай бүгінде ақындығын қойып, дін жолына бет бұрып қаладағы білдей мешітке бас имам болған. Ақын аты ұмытылып, халфе аты шыға бастаған кез еді. Абай ескі досының бұл жолға түскенін ұнатпаған. Қазір де сол жақтырмаған қалпы салқын амандасты.

Көкбай Абайға өз еркімен келген жоқ еді. Оны қаладағы үш-төрт мешіттің имамдары, хазірет-қожалары жіберген болатын. Олар қырдағы-қаладағы қазақ жұрты Абайды тыңдайды деп, өтініш білдірген. Көкбайдың айтуынша, жиынның басты мақсаты дін мұсылман баласы қосылып мүфтиге қарау. Онысын Түркиядағы Шайхұліслам дін орталығымен біріктіру екен. Осы жолда қазақтың оқығандарына бас болып Әзімқан төре, дін жолындағыларына бас болып Ғабдыразақ хажы, Икрам бай, қазақтан шыққан Ахметжандар ақ патшаға арыз түсірген көрінеді. Ақ патша «приговорларын, арызын жиып түсірсін» депті. Енді олар қырдағы-қаладағы дін мұсылман жұртынан көп арыз жинау үстінде жұмыс істеп жатыр екен. Осыған жұртты көндірсін деп Абайды шақыртыпты. Көкбайды тыңдап алған Абай «мен жауабымды үш күннен кейін беремін» деп Павловпен ақылдасуға кетіп қалды.

Павлов Абайға орыстың діні орыстың мұжығына тозақтан басқа ештеңе тілемейтінін айтады. «Орыстың попы жаман, мұсылманның имамы жаман. Бұл екеуінен халыққа жақсылық жоқ. Олар халықты алдайды. Орыстың жұмысшы табы патшаны, шіркеуді айыптайды. Бұларға қарсы тұру керек», - дейді. Абай Павлов үйінен қаланың қалың көпшілігімен жалғасып, сөйтіп имам қазіреттерімен айқасып көрмек болып қайтты.

Ертеңіне ол Семей жұрты сөзін тыңдайтын, ойға, сөзге жүйрік қыпшақ Бектоғай Ботабаев деген жігітті Сейіл қайықшымен бірге шақыртты. Оларға: «ескіден келе жатқан қазақтың өз ата-дәстүрі бар. Енді соның бәрін тастап шариғат жолымен жаңа өмір құрам деу бос сөз. Мүфти бізге қол емес, молдалардың өзі жетеді», - дейді. Осыны елге таратуды тапсырады. Павловпен ақылдасып алған Абай үлкен қағазға сөздерін қайтадан жазып:«Осыны мұқият оқып ал, ешкімге көрсетпе. Қағазда айтылған сөздерді өз айтқандарыңдай қылып айта бер!» деп, Бектоғайға ұсынады.

Елге осы сөз тараған соң көп жұрт мешіттегі имамдардың арыз жаз дегеніне көнбей қояды. Приговор саны жүзден аспайды. Енді қазірет, қалфелер халықты қаланың бас мешітіне жинайды. Оған Абай да баратын болды.

Жиынға халық көп келді. Алғаш сөзді Ахметжан қазірет бастады. Одан соң Ысқақ дейтін ноғай баласы мүфти қажеттігін айтты. Артынша қаланың байы Сейсеке, оқыған чиновниктердің арасынан Сақпаев сөйледі. Кейін сөз кезегі Абайға келді. Оның сөзі бірден «мүфтиге қазақ халқы қараудың қажеті жоқ» деген тура, жара сөйлеген сөзінен басталды. Абай ұзақ сөйледі. «Өзіміз надан өтсек те ұрпағымызды оқытайық. Мүфтиге қарап надан болмайық, жұртым. Білім жарығы керек. Ермеңдер молдалар сөзіне! Олар қастық ойлайды. Қалың жұртым менің айтар сөзім осы!» деп тоқтады. Көпшілік «Бәрекелді!...Абайдың дегені рас...» деп көтеріліп, дабырлап кетті. Бар молда, имам атаулы Абайға қарсы келе алмай буылып қалды. Сақпаев қана тұшталаңдап бірдеңе айтып еді, Абай оны қатты тиып тастады. «Ең алдымен адасқанды сендер қойсаң нетті! Оқыған дейді, көзі-қарақты дейді. Сендердің осы жиында не ақыларың бар, неғып қаңғып жүрсіңдер?!» дегенде жұрт та Абай сөзін қостап «Абайдан басқасы ақыл айтпасын бізге. Сөзді доғарыңдар!» деп тарауға айналды.

Бұл қыста ойда жоқ, өзгеше жиын осылай Абай сөзін тыңдаған халықтың жеңуімен аяқталды. Бірақ соның орайына көп өтпей Федор Иванович Павлов қамауға алынды. Абай үйінде де қатты тінту болды. Бес кісі жандарм үш сағат тіміскіп Құмаш үйін асты-үстіне шығарып ештеңе таппады. Әлдекімдердің сыбысы бойынша полицеймейстерге «Абай халықты аздырып жүр, ақылшысы Павлов» деп арыз түсірген Сақпаев екен. Жандарм Павловты ұстаған жерде таба алмаған қағазын, қылмыстың ізін суытпай Абай қалтасынан суырып алмақ болатын. Бірақ ол қағаз бар сырын бүккен күйімен Бектоғайдың қалтасында қалған еді.

Massaget