Әр аймақтың диалектілері
Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай:
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )
сөзден сөз шығады деген осы, біз жақта бармақ демейді дым. Қолдың бармақтарын - саусақ, аяқтыкін - башпай дейді :lol:
ал, "айтпаң, бармаң" деген қысқартулар қай жерлердің диалектісі екен?
солғой. Бармақ,айтпаң,бармаң деген негізінде Түрікмкенстанның қазақтарының сөздері екен. Бізде барлығы араласып кеткен ғой. Түікмендер "бармалы,келмелі" деп сөйлейді,солардың сөздерінен шыққан болу керек. Біздер "шиш"ты көп айтамыз ғой. Қазір араласып кеткен,
Айтпақшы,"тәте" деп бізде де ер адамдарға айтылады. Папамның бір інісін кішкентайымыздан "тәте" деп айтып өстік. Қазір ол кісі Алматыда тұрады. Бірде Алматыда тәтеммен қалаға бардым. Тәте,тәте деп сөйлеп келе жатырсам,жанымыздағы апайлар бетіме қайта-қайта қарай береді. Сірә,ер адамға "т"әте" дегеніме таң қалған болар,немесе іішінен ойлағанда болар "жынжымы мына қыз" деп . Тәтәме "аға" деп айтайын десемде айта алмай-ақ қойдым. Ол кісіге тек солай айтқан жарасымды сияқты.
Леген деп біз де кәдімгі қолданыстағы ыдысты айтады. Табақтың үлкен түрі. Ет тартқанда ыңғайлы ыдыс. Ал оңтүстікте ғой деймін леген деп кір жуатын ыдысты, яғни тазикті айтады. Содан жаңағы тойда жүрміз. Бір кезде емшектегі баласы бар бің жеңгеміз менен ересек қызды шақырып алып: "Баламды тосу керек, леген алып келші" деп жұмсады. Жеңгеміз алыстан келген кісілердің келіні. Арғы тегі шалғайдан шамасы. Легенді өзінше түсінген жаңағы ересек қыз бір кезде қолына ет табақ көтеріп кірді. Жұмсаған жеңгеміз аң-таң, содан сол жағдайға үйдің иелері араласып, әйтеуір, жеңгей сұраған "леген-тазикті" тауып берген
Әлди деп көбіне Алматы облысы айтады. Біртүрлі шынымен