Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

Елдің бәрі көйлек дейді ғой, мен білсем бұл диалект емес, тек "жейде" - әдеби тұрғыда дұрыс сөз (мысалы, өлең немесе көркем шығармада "көйлегінің жағасы" десе бірден еркек жайында екені түсініксіз боп қалады), ал ауызекі тілде "көйлек" - бәрімізге ортақ сөз, ініңе "ақ көйлегіңді ки" десең түсіне алмай сіздің көйлегіңізді киіп алмасы анық қой...
Алматыда тұрып, жан-жақтын диалектімен таныс болдым ғой)
айтпа, Санти, бір заттың бірнеше атауы болғаны да өзінше қызық, айтпақшы бізде жастықты көпшік дейді :D
айтпа, Санти, бір заттың бірнеше атауы болғаны да өзінше қызық, айтпақшы бізде жастықты көпшік дейді :D

Жастық деген басқа жастайтын, ал көпшік көтенге басатын
Қай аймақ екені есімде жоқ, әйтеуір, сөздерге тағы әріп қосып, жуандарды жіңішкіреп, жіңішкелерді жуандап айтып жатады: "қанЫт", "кілІт", "пЫсЫрғандА" деп
Біз пысынап, ысылап дейміз, ыстықтап дейді Алматы.
ал бiзде жанып кеттiм дид. :)
Бірінші курсқа енді түскенде, ақтаулық бір қыз: "сағыз беріңдерші, аузым шіріп жатыр" дегенде біз шалқамыздан түскенбіз. Оңтүстіктің қыздары мұны "оскорбление" деп қабылдаған
Біз жақта (Алматыда да) "жаздадым" деп айтады. Ал кей жерлерде де басқаша. Мысалы, құлай жаздадым: құлай сақтадым немесе құлай салдадым...
Бірінші курсқа енді түскенде, ақтаулық бір қыз: "сағыз беріңдерші, аузым шіріп жатыр" дегенде біз шалқамыздан түскенбіз. Оңтүстіктің қыздары мұны "оскорбление" деп қабылдаған

:lol: ol eshtene emesko. Kei kyzdardan budanda sorakysyn estisin. Bizde "grubo" soileidigo. En bastysy,osy "zil sozderdin" artynda eshtene jok. "K...ke aitpai betke ait" degen sozdide kop estuge bolady.