Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

:lol: :lol: :lol: шашық- шанышқы
Шөміш, сүлгі деп біз жақта да айтады, ал Алматы және облыстары сүлгіні орамал дейтін көрінеді...
Сосын Ордаша "сыпырғыштың" нешеме баламасы бар екен ғой: "сыпыртқы, сыпырғы, сыпыртқыш, сібірткі, сібіргі" және т.б. Айтпақшы "сіпсе" деген не? Сыпырғыш қой дейм...
Оооо, "шырпыны" айтсайш бәрінен, мен әлі күнге дейін шырпы дейм, кейде дүкендегілер түсінбей жатады: әр жерлерде "сіріңке, күкірт" және т.б. атаулармен атайды екен...
сiрiнке,шырпы,кукiрт,оттык,шакпак,спичка :)
"сiпсе"дейсiзба? Сiпсе деген бiзде жаксы осетiн осiмдiктiн бiр турi. Тез оседi,су талгамайды,кiр су шашып жiберсенде осе бередi. Жазда жасыл болып,уй айналасын коркейтiп турады. Онын кураганыда пайдалы,уй айналасын сыпырады.
Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген мақал бар ғой қазақта
Алматының Нарынқолында туған бір группаласым бар. Тілі бір болғанымен, акцент бірден байқалады. Нарынқолдық үшін менің сөйлегенім біртүрлі көрінетін шығар, жалпы батыстың өз акценті, шығыстың өз акценті бар дегендей )) Бірақ Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігіндегі қытайлықтарға қарағанда, біздікі әлдеқайда шүкір, олар (батыстағы қытайлық пен шығыстағы қытайлық) бір-бірін мүлде түсінуден қалған деседі :roll:

мхм, мхм. Қандай акценттер? :roll:
мхм, мхм. Қандай акценттер? :roll:[/quote]

мхм деген ол -мхм 8-) :)
Батыстың бәр адамы орындықты "отырғыш", өшіргішті "кетіргіш" дегенде өлгенше күлгенмін))
Батыстың бәр адамы орындықты "отырғыш", өшіргішті "кетіргіш" дегенде өлгенше күлгенмін))

:lol: иә,солай дид. Сызғыш та бар,линейка.
Қапылта бермеші дегенді Талдықорған жақтықтар "қырта бермеші, қыртпашы" дейді екен. Және "үлкен" дегенді "әлем" дейді...