Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

мен атырауданмын(атыраудың өзі емес). Бізде "шиш" деген жалғау қолданады, "дзәт", "нестеп отсың", "нестеватсың", "қудыртпаш, қуып кетпеш" жалпы біздің Құлсарыда барлығы дерлік қазақша сөйлейд , тез айтқанды жақсы көреді .Өзіме "тұғын"деген жалғау, "сүгірет"дегендер бүртүрлі естілед :)
Атырау өте қазақи жақ қой дешиш ;)
Атырау өте қазақи жақ қой дешиш ;)

иа тілге жақсы, бірақ салт-дәстүр онша сақталмаған, батыстар батысқа еліктейді)
Сондай-ақ, Алматыға алғаш келгенде "леген", "қамыр" деген сөздерді жергіліктілерге түсіндіре алмай жүретінмін...ал енді батыстықтардың "-шиш" жалғауын жақсы көрем бар ғой "биш, баршиш, келшиш, жазшиш", бізде "берсей, барсай, келсей" дейді ғой...
"Леген" дегендi "самар" дид бiзде. Камырды-камыр деймiз,ал,Алматыда камырды не дид сонда? :? Батыска келiп корШИШ,карык боласын "шиш"тардын келшиш дегендерiн естiп. :D
ия,Атырауда салт-дастур дурыс сакталынбаган екен,"орыстанып"кеткен деседе болады. Менiн жездем Атыраудыкы. Тез-тез сойлейдi,создерiн кейде тусiнбейде каласын. Салт-дастур дурыс сакталмаган дегенiм,бiрде апам Атырауда туратын кайын журттарынын(жездемнiн агаларынын) уйiне барганда иiлiп салем еткен екен,кайнагалары тусiнбеген екен,оларда апама солай иiлiп салем етiптi. Кейiн тусiнген екен.
"____ мыңбаева" Алматыда қамырды не дейді?

"нан" дейді екен, иә, "нан илеп жатыр, нанды ысып жатыр" деп айта береді. "Нан салатын тостаған берші" десең қамыр илейтін дәу табақты алып беруі ғажап емес... Біз жақта нан деп кәдімгі нанды және бесбармақтың қамырын ғана айтады, онда да піскен кездегісін. Айтпақшы бесбармақ дегенді де осы жақтан естідім, біз жақта бұл асты ЕТ деп қана атайды ғой...
"сәлем салуға" қатысты оқиғаңды оқып алып ішек-сілем қатты-ау күлкіден. :lol:
"____ мыңбаева" Алматыда қамырды не дейді?

"нан" дейді екен, иә, "нан илеп жатыр, нанды ысып жатыр" деп айта береді. "Нан салатын тостаған берші" десең қамыр илейтін дәу табақты алып беруі ғажап емес... Біз жақта нан деп кәдімгі нанды және бесбармақтың қамырын ғана айтады, онда да піскен кездегісін. Айтпақшы бесбармақ дегенді де осы жақтан естідім, біз жақта бұл асты ЕТ деп қана атайды ғой...
"сәлем салуға" қатысты оқиғаңды оқып алып ішек-сілем қатты-ау күлкіден. :lol:
Біздеде бесбармақ деп айтады. Ет деп айтсаң түсінбейді.Ет асып жатырмын десең,құр етті суға қайнатып жатыр деп түсінеді. Бір бөле ағам бар,сол кейде ұрсып жатады:"бесбармақ деп айтпаң,ет деңшиш,бесбармақ деген не? сендер не бесбармақ деп,аяқтарыңның бармақтарымен жейсіңдерма,Ет деңшиш!" дид. :)
Айтпақшы, Қызылордада және одан ары қарай батыста да әпкені "апа" дейді, тіпті бір-ақ жас үлкен болса да (яғни 10, 15, 20 жаста болса да өзінен кішілерге апа ол). Ал Алматыда апа дегенің - әже, кемпір. Басында автобустарда "апа, өтіп кетейін" дегенім үшін талай қыз-келіншектер ала көзбен қарайтын-тұғын (бұл да бір диалект) ;-);-) :-D...
Және біз жақта "өтек", "шалбар", Алматыда "үтік", "сым"... "Сымымды үтіктеп берші" дегендерге шиқылдап күлетін едік, қаз құлақ үйреніп кетті...
Ал, Аралда мама - апа, папа - аға! Осы сөздер қайта күшті, осыдан, балаларымды солай үйретпесем... :-D
Ал, Талдықорған жақта тәте - ер кісі, көке - әйел адам. Және де папаны/бізше ағаны кей жерлерде "тәте" дейді екен)))
"____ мыңбаева" аяқтарыңның бармақтарымен жейсіңдерма,

сөзден сөз шығады деген осы, біз жақта бармақ демейді дым. Қолдың бармақтарын - саусақ, аяқтыкін - башпай дейді :lol::lol:
ал, "айтпаң, бармаң" деген қысқартулар қай жерлердің диалектісі екен?