Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

Хехехех
Тағы да Оралдың сөзі:
Буляй - үнемі (Буляй осы көретін күніміз)
Айка, Нарынқол жақта мысалы шығып дегенді чығып дейді, берсеңші дегенді берсеңчі дейді )))) :)
Оралдың анам үнемі айтатын сөзі: "Гәміл" Мысалы: Гәміл сен қазір сыртқа шықпайын деп отырсың ғой. Бұл жердегі "Гәміл" сөзі - мен білсем деген мағынаны білдіретін, күдікпен айтылатын сөз.
:roll: :|
Кей жерлер кәдімгі қалақты ( собок ) «қаһандоз» дейді екен )
Мақтанғаным емес, әдеби тілге ең жақын тіл - біздің жақта, яғни Қазақстанның батыс өңірінде!
Қазақ әдебиеті Қызылорда тілімен жазылады деп айтады барлық адамдар. Қызылорда да "Айналайын" десе Алматы "Айланайын" дейді, мен осы айланайын дегенді қырғыздан кірген деп ойлаймын.
Мен Қызылордалықпын, біз жақта "ақұдай" деген кіші жүздің Әлімұлы руларын айтады. Бірақ Арал, Қазалы жақтардың адамдары ақұдай деген ру жоқ анау-мынау деп бетіңді жұлып ала жаздайды))
Орал жақта сабынның қалдығын "алқыншақ" дейді.