Әр аймақтың диалектілері
Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай:
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )
Сосын Ордаша "сыпырғыштың" нешеме баламасы бар екен ғой: "сыпыртқы, сыпырғы, сыпыртқыш, сібірткі, сібіргі" және т.б. Айтпақшы "сіпсе" деген не? Сыпырғыш қой дейм...
Оооо, "шырпыны" айтсайш бәрінен, мен әлі күнге дейін шырпы дейм, кейде дүкендегілер түсінбей жатады: әр жерлерде "сіріңке, күкірт" және т.б. атаулармен атайды екен...
"сiпсе"дейсiзба? Сiпсе деген бiзде жаксы осетiн осiмдiктiн бiр турi. Тез оседi,су талгамайды,кiр су шашып жiберсенде осе бередi. Жазда жасыл болып,уй айналасын коркейтiп турады. Онын кураганыда пайдалы,уй айналасын сыпырады.
мхм, мхм. Қандай акценттер?
мхм деген ол -мхм
иә,солай дид. Сызғыш та бар,линейка.