Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Батырхан Сәрсенхан: "Алматыға бар дейді, сүйікті анам..."

Батырхан Сәрсенхан: "Алматыға бар дейді, сүйікті анам..."

Батырхан Сәрсенхан:

Біздің қолымызға Батырхан есімді жас ақынның жырлары түсті. Оқыдық та ойландық, сүйсіндік, қуандық.

Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы – 1995 жылы 28 наурызда ОҚО, Ордабасы ауданы, Ақпанбатыр ауылында туған. Қазір Түркістан қаласындағы ХҚТУ-дың журналистика факультетінің 2 курс студенті.

Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының 1-дәрежелі дипломанты; Республикалық «Махамбет оқуларының»  лауреаты; Республикалық KATEV байқауының лауреаты; Республикалық  Қожаберген жырау мүшәйрасының 2 орын иегері; Облыстық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты ақындар байқауының бас жүлдегері; М.Мақатаев, Қасымбек Дәрібаев атындағы жас ақындар байқауының бас жүлдегері; Аудандық «Ата заңым-алтын діңгегім», «Туы биік, тұғыры мығым - Тәуелсіздік» атты мүшәйралардың жеңімпазы.

Түркістандағы алғашқы өлең

Тас мүсіндей меңіреу кейіпке енген,

Түркістанда адам аз, бейіттерден.

Тулай-тулай тарс сынып қалғыды ма,

Көп қабір арқа төсеп таң нұрына.

Кей тірінің өлідей қадірі жоқ,

Өлілердің тірі емес барлығы да.

 

Сұрақ белгі тағдырлар тақтаңда тұр,

Бірақ мені шаршатты жаттанды ақыл.

Өлген артық!

              өгізбас өмірден деп,

Көрден атып тұра алмай Саттар жатыр.

 

Батар күнді бақылап көшеде өлген,

Белгісіз ғұмырлар-ай, өше берген.

Құй досым, тартып-тартып жіберейін,

Қасымхан шарап ішкен кеселермен.

 

Солғын ойлар, сіміріп түн шарабын,

Сырлас жоқ сыр ақтарар сынса бағым.

Тірі мола кеудеден тұра қашып,

Өлген қабір басында мұң шағамын.

 

Қанды дауыл, жалмаған нелер бөтен,

Қанша керуен замандар көнерді екен.

Қаныбекті қаңғыртқан мына адамдар,

Батырханмын десем мен, сенер ме екен?

Адам ғұмырының кестесі

Кім кемеңгер, кім ұлы,

Түсініксіз түк те осы.

Адамдардың ғұмыры,

А және В нүктесі.

 

Теңіздей тасынуда,

Тасынуда малып ап басын уға.

Барлығы бір нүктеден бастау алып,

Бір нүктеге жеткенше асығуда.

 

Мән іздеп заңғар ойдан,

Самғар ойдан сәулелі таңғы арайдан.

Өлім бізге жақсы атты сыйлағанмен,

Өлу бізге мақсат па алға қойған.

 

Аяймын аһ ұрғанды,

Ақымамаққа айтылған ақылдарды.

Кектенемін өлердей кейде тіпті,

Жек көремін қызтеке ақындарды.

 

Барады сырғып кеме,

Баян таппай төрт күндік тірлікте де.

Алдымда қисық қыңыр жолдар жатыр,

Кестелер бет алғанмен бір нүктеге.

 

Сұрама түк те менен,

Үтірлермен отауын тіккен өлең.

Ақындарға түзу жол керек емес,

Ақындарда болмайды нүкте деген.

*** *** ***

Алматыға бар дейді, сүйікті анам,

Шым қаланы қалайша қиып барам.

Хан Тәңірі тұрса да, анашым-ай,

Оңтүстіктің таулары биік маған.

 

Заңғар таулар, тудырған көп дананы,

Жарқ еткен дарындардың от табаны.

Бармаймын Алматыңа, әй, бірақ та,

Өлеңдерім жетектеп ап барады!

 

***  *** ***

Құдияр досым!

Зулайды уақыт жалмауыз жаралы үнмен,

Тумай жатып айрылдым бала күннен.

Ақын ақын деп жүріп ақыр соңы,

Ақылымнан алжасып барамын мен.

 

Түнге ораған түстердей зар жылымды,

Кімнен алам тентексұр бар жынымды.

Өлеңменен ойнаппын өзім бе деп,

Өлең менің ұқпады қалжыңымды.

 

Бақ іздейін десем де дұрыс жолдан,

Бітіре алмай қор болдым бір істі оңған.

Шаршадым тым сыпайы ақындардан,

Шаршадым төбелессіз ұрыстардан.

 

Қай бетте де кәрі жыр жорғақтаған,

Қарт сезімі қандай күш болмақ маған.

Жыл құсы боп келем де өлеңге мен,

Оралмас көктем болып орнап қалам!

Алдау аксиомасы

Адамдар алдайды өзін, күншіл деумен,

Опасыздың айыбын ұмыттырып.

Ғашықтар алдайды өзін, гүл сыйлаумен,

Ертеңіне соларын біліп тұрып.

 

Кереңдер алдайды өзін, көктен сүңгіп,

Түскендей кесір сөзге ермедім деп.

Соқырлар алдайды өзін, неткен сұмдық,

Қастандықты көзіммен көрмедім деп.

 

Маймылдар алдайды өзін, қорғауменен,

Дарвин шалдың бетке ұстап айтқан заңын.

Мүсәпір алдайды өзін, ойлауменен,

Бұдан да өткен сорақы жайттар барын.

 

Бақытсызды көрмесе сорлы мына,

Бақыттың сын-салмағын білмес еді.

Жер бетінде адамның барлығы да,

Өз-өздерін алдаумен күн кешеді.

 

Шексіздікті сыйдырған тар ғаламға,

О, жалғандық, бітпесін жетер жерің.

Егер мен өзімді алдай алмағанда,

Әлдеқашан жынды боп кетер ме едім!

Атама арнау

Ата, сен өлесің бір күні,

Ізімен алжыған көп шалдың.

Аз ғана доғарып күлкіні,

Амалсыз мақтармын.

 

Отырам көшкендей омбы қар,

Көзімді толтырып моншаққа.

Барыңда күндейтін сорлылар,

Жер теуіп жылайды сол шақта.

 

Шығарар жырау қып, жыршы ғып,

Бәрі де, бәрі де сандырақ.

Өкпешіл баладай қырсығып,

Табыттан тұрмайсың сен бірақ.

 

Жұрт келер тойындай көпестің,

Жанарға қалқан ғып жең ұшын.

Өлгенше ем берген екі ешкің,

Өлгенше бақырар жем үшін.

 

Мен едім тік өскен бақша тал,

Өрімдей бұтағы көкке ауған.

Өлмеші, өлмеші ақсақал,

Жалықтым өлгенді мақтаудан.

 

Поэзияға арыз

Бояуына сәнін берген сырлы әнмен,

Жыр кітабын ақтарам деп кей шалдың.

Өлеңдері өлімсіреп тұрғанмен,

Тамаша екен, дей салдым.

 

Менің жаным жырға жерік досқа асық,

Келші інім, тербелмеген бесік пе ең?

«Мықтысың» деп сүйіп тұрып қоштасып,

Шыға сала еңіредім есіктен.

 

Муза шешей! Несіне оны мәз қылдың,

Мазағың ба, әлде алжыған сертің бе.

Жетпіс бесте зорлап өлең жаздырдың,

Іші пысқан кемпірге.

 

Жағымпазға қол соққаннан шошып ем,

Ақиқаттан жанжақ жұтты қанша адам.

Қайран өлең, шыныменен осы ма ең,

Осы болсаң түкіргенім бар саған.

 

Қыран құстың қырқып алған қанатын,

Бір бейбақты ескерді ме қара түн.

Мен айтқанмен баяғы әкім, сол әкім,

Мен айтқанмен қақбастардың бәрі ақын.

 

Азғындықтан арып бітсе бар әлем,

Құнарыңның күлге айналып кеткені.

Азабыңа көнейін, ей, Қара өлең,

Мазағыңа айналдырма тек мені! 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: жеке мұрағаттан, creative.su

4212 11
Рейтинг: +6

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 28 қараша 2013, 16:32
Пікірлер
+0
28 қараша 2013, 15:50

Алматыға емес қазір көбі Астанада ғой...

+0
28 қараша 2013, 16:52

Жақында Мақпал Төребек блог арқылы өлеңдерiн «оқып» берiп таң қалдырып едi! Расында, ОТ екен! Лаулай берсiн деген тiлек бар менен!

+0
28 қараша 2013, 17:21

Иә, Мақпал Төребектің еңбегі сіңді. Бар өлеңін өзі тауып берді.

+0
28 қараша 2013, 17:20

Батырханның өршіл де "тентексұр" жырларында өзіне тән мінез бар екен. Тіл-көзден сақтасын!

+0
28 қараша 2013, 17:27

Атаға арнаған өлеңі тамаша

+0
28 қараша 2013, 20:24

"Мен айтқанмен баяғы әкім, сол әкім,

Мен айтқанмен қақбастардың бәрі ақын" Өлеңің өлең екен. Мазағына айналдырмасын деп тілейміз! Әзірге тек шын мақтау! Тамсандым!

+0
29 қараша 2013, 13:14

Азабыңа көнейін, ей, Қара өлең,

Мазағыңа айналдырма тек мені! Жырлары жақсы екен.

+0
29 қараша 2013, 21:39

Jaraisin keremet jazilgan.... ne degen uikas sozder....

+0
06 желтоқсан 2013, 12:51

Батырхан жарайсың! Өзің оқып берген өлеңдер ғой. Поэзияға арнау кімге арналғанын шамалап отырмын. Қаламың қарымды болсын!

+0
07 желтоқсан 2013, 12:25

Көзінің әңгел-шәңгелі шыққан, жарты әлемде жалғыз ғана ояу отыратын, ақ қағаздан басқа дос таппай зарыққан, "Сырласу Хат" деп ара-кідік сенген болып маған сырын ақтаратын алтын інімнің тасы өрге домалауға құқылы! Ақындар көп әлемде... Екі ұйқастың басын қосу менің де қолымнан келеді. Өзімнен биікте көргім келетін жан болса, соның бірі - Батырхан!

+1
08 желтоқсан 2013, 14:17

Былай оқуға болатын ақын екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...