Ұзақ өмір сүруге көмектесетін 10 өнім аталды

Ұзақ өмір сүруге көмектесетін 10 өнім аталды
Фото: depositphotos.com

Биология ғылымдарының докторы Алексей Москалев ұзақ өмір сүруге көмектесетін тағамдарды атады. Бұл туралы ғалым KP.RU басылымына берген сұхбатында айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Москалевтің сөзінше, қартаю үдерісін баяулататын қосылыстар алмада көп кездеседі. Ғалымның айтуынша, оның құрамында ағзаның қартаюын баяулатуға ықпал ететін 28 түрлі зат бар.

Сонымен қатар, маман ұзақ өмір сүруге көмектесетін өнімдердің қатарына шие, балдыркөк, үрмебұршақ, ақжелкен, сәбіз, қаражидек, көкжидек, асбұршақ және мүкжидекті де қосқан.

Ғалым бұл өнімдер ағзаның қорғаныс жүйесін белсендіруге көмектесетінін түсіндірді. Оның айтуынша, өсімдіктер эволюция барысында зиянкестерден қорғану үшін арнайы заттар қалыптастырған. Бұл қосылыстар ұсақ жәндіктерге зиян болғанымен, адам ағзасына пайдалы әсер етуі мүмкін.

"Біздің ата-бабаларымыз бәрін талғамай жеген. Мұндай заттардың аз мөлшері ағзада гормезис үдерісін іске қосуға ықпал етеді. Яғни ағзаның күйзеліске төзімділігін арттырып, қорғаныс жүйесін белсендіреді", – деп түсіндірді биолог.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget