Кардиолог Фабио де Серкейра Ларио денсаулықты сақтаудың көпшілік біле бермейтін қарапайым жолын атады. Бұл туралы дәрігер Terra басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман мүмкіндігінше жиі күлуге кеңес берді. Оның айтуынша, күлкі күйзеліс кезінде қандағы стресс гормоны – кортизолдың мөлшерін азайтып, адамның өзін жақсы сезінуіне ықпал ететін заттардың бөлінуін арттырады.
Сонымен қатар, күлкі ағзадағы созылмалы қабынуды азайтып, иммун жүйесін мен ішкі ағзалардың жұмысын еріксіз реттейтін жүйке жүйесінің қызметін жақсартуға көмектеседі.
Кардиолог кейбір ғылыми зерттеулер жиі күлу мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің төмен болуы арасында байланыс бар екенін көрсеткенін де атап өтті.
"Күлкі мен жақсы көңіл күйдің байланысын тауық пен жұмыртқа туралы бұрыннан белгілі сауалға ұқсатамын. Бірі екіншісіне әсер етеді, ал екіншісі өз кезегінде біріншісін күшейтеді. Олардың өзара байланысы адам денсаулығы үшін өте маңызды", – деді дәрігер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz