Күнделікті шаш үлгісі: мамандар кеңесі

Күнделікті шаш үлгісі: мамандар кеңесі

Бүгін біз сіздерді апалы-сіңлілі Лэйла және Мимимен таныстырмақпыз. Бұл екі сән блогерлері Торонтода тұрады. Олардың Youtube каналында ашқан бейне-блогтары бүгінде үлкен танымалдылыққа ие. Қыздар күнделікті шаш үлгілерін жасау нұсқаулықтарын бейне блог арқылы көрсетеді. Олардың көрсеткен нұсқаулықтары арқылы бір қарағанда қиын көрінетін шаш үлгілерінің расында жасалуы оңай екеніне көзің жетеді. Бүгін біз қыздардың блогынан бірнеше күнделікті қарапайым шаш үлгілерін және олардың берген кеңестерін назарларыңызға ұсынбақпыз.

Күнделікті шаш үлгісі міндетті түрді мына маңызды талаптарға сай болу керек:
- қарапайымдылық;
- сенімділік;
- ерекшелік пен сән;
- түзеуге мүмкіндік.

Күнделікті шаш үлгісін бірнеше минутта-ақ жасай алуға болатындай, ол қарапайым болуы тиіс. Оның үстіне ол барынша әдемі әрі күні бойы берік ұсталып тұратындай болғаны дұрыс. Сонымен қатар ол күнделікті шаш үлгілерінен ерекшеленгені абзал. Мұндай үлгідегі шаш үлгісін жасау үшін түрлі қолданылатын акессуарлар мен құрылғылардың да аз болғаны жөн.

Күнделікті шаш үлгісіне бірнеше нұсқа

Күнделікті шаш үлгісі ретінде шашты түрліше түю жақсы. Олардың басты артықшылығы, қатаң офистік түюді кішкене түрлендіріп, достармен кездесуге немесе кештерге арналған шаш үлгісін жасауға болады. Әсіресе ұзын шаштарға жасалған түйіндер әдемі көрінеді. Мұндай шашта түйінді желкеге, төбеге, тіпті бір жағына да түйіп қоюға болады. Түйін ресмиліктен ада болу үшін оны қатты түймеңіз.

Шаш түюдің бір артықшылығы, ол ешқандай аксессуарсыз әдемі көрінеді. Алайда егер сіз шаш үлгісін ерекшелендіруді қаласаңыз, лента, шеңбер және ірі шаш қыстырғыштарын пайдалансаңыз болады.

Шаш өру де күнделікті шаш үлгісіне жақсы нұсқа. Алайда қарапайым үш бұрымнан өрілетін бұрымша – қызықсыз екені рас. Сондықтан оны түрлендіру қажет. Ең дұрысы балық құйрығы, айдаһар немесе француздық өрім сынды ерекше үлгілерді пайдаланған жөн. Сонымен қатар шаш бұрымын шеңбер етіп өріп, онымен буылған шашты байлап қойса болады. Фантазияңызды қоссаңыз түрлі үлгілерді жасауға болады. Қол жаттығу үшін біраз машықтану қажет.

Соңғы жылдары грек стиліндегі шаш үлгісі өте танымал. Және бір қарағанда қиын көрінгенімен, оны жасау өте оңай. Шашыңызды мұқият тарап, арнайы резеңке шеңбер киіңіз де, шашты бұрымдарға бөліп, шеңбердің астына кіргізіңіз. Мұндай ерекше шаш үлгісі міндетті түрде көпішілікті сүйсіндіреді.

Әрине, күнделікті шаш үлгісі ретінде бұрымдар таптырмас нұсқа. Мұнда да қиялыңызға ерік беріп, бұрымды түрлендіруге болады. Кейде екі бұрым жасап, бірнеше бұрымды біріктіріп, қатты жинап немесе жеңіл жинауға да болады.

Мамандардың кеңесі

  • Кез келген шаш үлгісі әдемі көрінуі үшін оларды таза және құрғақ шашқа жасау керек. Сондықтан шашыңыз майланып тұрса, міндетті түрде жуыңыз.
  • Шаш үлгісін қатырып қою үшін лак пайдаланған дұрыс. Ол шашты кірлетпейді және ұзақ қызмет етеді.
  • Шаш үлгісін жасауға жағылатын құрылғыларды абайлап пайдаланған жөн. Гельді көбіне модельдеу үшін пайдаланса, муссты – шашқа көлем беру үшін қолданады. Бірақ егер құрылғыны шамадан тыс жағып қойсаңыз, қалаған нәтижеге қол жеткізе алмауыңыз мүмкін.

Сурет: ivideoshub.com

Видео: Luxy Hair

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

"Бант" шаш үлгісін жасау

Шаш сәні: буылған шашты түрлендіріңіз

Шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: "Стего" байланған шаш

Шаш сәні: Көтерілген шаш

Шаш сәні: төмен өрілген шаш

Шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: Бигудисіз бұйра шаштар

Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі

Жазғы шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: Бұйра толқындар

Шаш сәні: өтірік боб

Шаш сәні: Қиғаш француз шаш өрімі

Шаш сәні: Төмен буылған шаш

A. Mustafina