- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш сәні: Төмен...
Шаш сәні: Төмен буылған шаш
Төмен жиналған шаш - жасалуы оңай, ыңғайлы және кез келген жерге істеп баруға болатын әмбебап шаш сәні. Егер шашыңыз ұзын болса, оны осылайша төмен жинап, каре шаш сәнініне келтірсеңіз болады.
1-Қадам. Жуылған дымқыл шашқа түзулеткіш сұйықтық жағып, фенмен кептіріңіз. Асықпаған жағдайда фенді қолданбай-ақ, шашыңызды қайта-қайта тарап, кепкенін күтіңіз. Бастысы шашыңыз бұйраланбай, түзу болып кепсін.
2-Қадам. Шашыңызды қиғаш айрыққа бөліп, жақсылап тарап, төмен, мойынға таман, бос жинап, резеңкемен буып қойыңыз. Байлағанда шаштың ұшын резеңкеден шығармай, ішінде қалдырыңыз.
3-Қадам. Шашыңызды босатып, резеңкеден кішкене шығарыңыз. Алдынан қарағанда шашыңыз каре шаш сәніне ұқсап тұруы керек.
3-Қадам. Шашқа бір түйір гель жағып, қажетті жерлеріне жағып қойыңыз.
Кеңес: Бұл шаш сәні үшін шашыңыздың ұштарының жағдайы жақсы болу керек. Алдын ала шашқа арнай маска не сарсу жаққан дұрыс.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Сания Аринова
С. А