Шашыңызға түрлі тәжірибе істеп, ерекше сәнді етіп жинауға құмар жансыз ба? Ендеше мына ерекше өрілген шаш сәні сіздің көңіліңізден шығады. Айтпақшы, бұл шаш сәні осы маусымның нағыз трендіне айналды.
![]() | 1-қадам. Шашыңыз жұмсақ, нәзік көрінуі үшін мусс пен плойка көмегімен шашыңызды шамалы бұйралаңыз. Кейін саусақтармен шашыңызды тарап, екі жақтан екі кішкентай шаш бұрымын қалдырып қойыңыз. |
![]() | 2-қадам. Оң жағынан шаштың бір бұрымын алып, үшке бөліңіз. Осылайша шашыңызды "французша" өріңіз. Алайда үстінен қосылынған шашты бұрымға қоспай, астыға қарай жіберіңіз. |
![]() | 3-қадам. Осылайша өруді желкеңізге дейін жалғастырыңыз. |
|
| 4-қадам. Басқа жақтан да дәл солай. Соңында екеуін бір бұрымға қосып өріңіз. Өрілген шаштың соңын желкеңізге қысқыштар көмегімен қыстырып қойыңыз. |
![]() | 5-қадам. Өрілген шашты саусақтарыңызбен түзеп, шамалы көлем беріңіз. |
![]() | Шаш сәні дайын! |
Сурет: beautyhigh.com.
С. А





